Компания туралы/
Компания туралы
«Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» акционерлік қоғамы (РҒБО) 2004 жылғы 18 наурызда құрылды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 мамырдағы №721 қаулысымен Республикалық ғарыштық байланыс орталығы Қазақстанның ғарыштық байланыс жүйесінің ұлттық операторы болып белгіленді.
«РҒБО» АҚ «KazSat» сериялы ғарыш аппараттарының (ҒА) транспондерлік сыйымдылығын ұсыну бойынша қызметтерді, 13-тен 130 дейінгі ш.б. геостационарлық доғада Кu-диапазонында тіркелген спутниктік байланыс арналарының мониторингін, Алматы облысының Көктерек кентінде орналасқан ғарыш аппараттарын резервтік жерүсті басқару кешені және байланыс мониторингі жүйесі базасында Телепорт қызметтерін көрсетеді.
«KazSat» сериялы ҒА ресурстары Қазақстан Республикасында тиімді және сенімді спутниктік байланыс арналарын іске асыруға мүмкіндік берді. «РҒБО» АҚ пайдаланатын «KazSat» сериялы ғарыш аппараттары Қазақстанның телекоммуникациялық операторларына, ұлттық компаниялар мен холдингтерге, мемлекеттік органдар мен жеке компанияларға цифрлық телерадио хабарларын таратуды (HD, DTH, IPTV) ұйымдастыру, Интернет желісіне кең жолақты қолжетімділік, деректерді беру және әртүрлі топологиядағы корпоративтік спутниктік байланыс желілерін құру үшін үлкен мүмкіндіктер береді.
Қазіргі уақытта Қазақстанның телекоммуникациялық нарығындағы байланыс мәселелері жөніндегі қызметті жүзеге асырудағы жетекші кәсіпорындардың бірі болып табылады.
Компания туралы
Жаңалықтар
«РҒБО» АҚ Қазғарыш делегациясының құрамында Ташкенттегі конференцияға қатысады
11.05.2022

ТАШКЕНТ. БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ - 2022 жылғы 10-12 мамыр аралығында Ташкентте Space Technology Conference (STC 2022) ғарыштық технологиялар жөніндегі Орталық Азия өңіріндегі алғашқы конференция өтуде. Оның жұмысына құрамына ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті...

«Мен «Жас Ұлан» мектебінде тәрбиелендім» - Қазақстан Қарулы күштерінің құрдасы
09.05.2022

НҰР-СҰЛТАН. ҚАЗАҚПАРАТ - Бейбіт уақытта Отан қорғаушы болу - еңбек жеңістеріне жету, өз отбасының қорғаушысы болу, өз Отанының тарихын білу және бағалау, - деп Қазақстан Қарулы күштерінің офицері Рамазан Омарбеков «ҚазАқпарат» ХАА тілшісімен осы мерекелер туралы пікірімен бөлісті.