Компанияның жобалары/
KazSat-2

«KazSat-2» ғарыш аппараты

«KazSat-2» ғарыш аппараты 2011 жылғы 16 шілдеде «Байқоңыр» ғарыш айлағынан геостационарлық орбитаға (ГСО) ұшырылды.
Байланыс және хабар тарату спутнигі «РҒБО» АҚ тапсырысы бойынша «М.В.Хруничев атындағы мемлекеттік ғарыштық ғылыми-өндірістік орталығы» ФМБК ресейлік кәсіпорынмен Thales Alenia Space (Италия) компаниясымен бірлесіп жасалды.
«KazSat-2» ҒА құру кезінде бағдарлау және тұрақтандыру жүйесінде EADS Astrium француз фирмасы өндірушісінің құралдары қолданылған.
«KazSat-2» спутнигі келесі телекоммуникациялық қызметтерді көрсетуге арналған: телерадио хабар тарату, телефония, интернет желісіне қол жетімділікті ұйымдастыру, деректерді беру және т.б.
«KazSat-2» спутнигі қызмет көрсету аймағы Қазақстан Республикасының барлық аумағын, Орталық Азия елдерін, Ресейдің орталық бөлігін қамтиды.
Техникалық ерешеліктері:
Орбитада тұру нүктесі 86,5 в.д.
Белсенді жұмыс істеу мерзімі 12,25 жыл
Техникалық ресурсы 14,5 жыл
Пайдалы жүктеу модулінің жиілік диапазоны Ku
Транспондерлер саны 16 шт.
Транспондерлерді өткізу белдеуі 54 МГц
ҒА-ның өтпелі жүйемен старттағы массасы 1368 кг
БҚМ соңында ПЖ-ге бөлінетін қуат, кемінде не менее 4600 Вт
Ғарыштық платформа түрі Яхта
Пайдалы жүктеменің энергия тұтынуы 1815 Вт
Жабу аймағы:
Компанияның жобалары
Жаңалықтар
ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына «БІЗДІҢ АДАМДАР» айдары
06.12.2021

«Қазсат» жерсеріктерін резервтік басқару орталығы қалай құрылды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы облысының Іле ауданында маңызды ғарыш нысаны - «Көктерек» ғарыштық байланыс орталығы (ҒБО) - «Kazsat» ғарыш аппаратын резервтік басқару кешені орналасқан.

Тұңғыш Президент күніне
01.12.2021

Бірінші бүкілхалықтық Президент сайлауының 30 жылдығы мерекелік датасына орай Елбасының кітапханасы тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаушы – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевқа арналған бейнеролик дайындады.

Р.С.Буралхиева ҚР ЦДИАөМ Аэроғарыш комитеті Төрағасының орынбасары болып тағайындалды
20.11.2021

НҰР-СҰЛТАН. ПРЕСС-РЕЛИЗ – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі (ЦДИАөМ) аппарат басшысының бұйрығымен Рәзия Бұралхиева ҚР ЦДИАөМ Аэроғарыш комитеті төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды.