Пресс-центр/
Жаңалық

ҚР ЦДИАӨМ гранттық бағдарламаларға конкурстар жариялайды.

Автор - Нургалиева Сара Кабиевна
Аудармашы - Алуа А. Сарбалина
Күн: 26.05.2021

НҰР-СҰЛТАН. ҚР ЦДИАӨМ АҚПАРАТЫ – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің (ЦДИАӨМ) Инновациялық экожүйе және ғылыми-технологиялық даму департаменті «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасын іске асыру аясында келесі гранттық бағдарламалар бойынша конкурстар өткізу жоспарланғанын хабарлайды:

- Кіші ғылыми қызметкерлерге арналған гранттар/ аға ғылыми қызметкерлерге арналған гранттар отандық ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру мақсатында;
- I өндірістік сектор консорциумдары: консорциумдардың инновациялық шешімдерін, ғылыми әзірлемелерін және/немесе технологияларын коммерцияландыру мақсатында Құзыреттілік орталығы;
- II өндірістік сектор консорциумдары: саланың жүйелік мәселелерін шешетін технологияларды енгізу үшін ғылыми ұйымдар мен өндірістік сектор кәсіпорындары арасында консорциумдар құру мақсатында индустриалдық-ғылыми технологиялық консорциум;


Байқауды өткізу мерзімдері Жобаның сайтында және ҚР ЦДИАӨМ сайтында жарияланады. Гранттық бағдарламалар туралы толық ақпаратты Жобаның www.fpip.kz веб-сайтынан, consortia@fpip.kz электрондық пошта арқылы алуға болады.

«РҒБО» АҚ Ішкі әкімшілендіру департаменті РҒБО қызметкерлерін гранттық бағдарламаларды іске асыруға белсенді қатысуға шақырады.