Пресс-центр/
Жаңалық

«РҒБО» АҚ Космонавтика күнін қалай атап өтті

Автор - Нургалиева Сара Кабиевна
Аудармашы - Лида Тастенова
Күн: 18.04.2022

НҰР-СҰЛТАН. ЖЕКЕ АҚПАРАТ – Жердің алғашқы адамының ғарышқа ұшуының 61 жылдығына орай «РҒБО» АҚ ұжымы салтанатты іс-шараларды ұйымдастырды және қатысты.

«РҒБО» АҚ 2022 жылғы 9 сәуірде «Алау» Мұз сарайында өткен ҚР ЦДИАӨМ Аэроғарыш комитеті төрағасының Кубогы үшін Қазақстан Республикасы үстел теннисі федерациясы, Аэроғарыш комитеті және Қазғарыштың ведомстволық бағынысты ұйымдары өкілдерінің қатысуымен үстел теннисінен дәстүрлі турнирдің ұйымдастырушысы болды. «РҒБО» АҚ командасы жүлделі 2 және 3 орындарды иеленді.

2022 жылдың 12 сәуірінде Қазақстандағы балалар жылы және Космонавтика күні аясында «РҒБО» АҚ мамандары Дария Комарова мен Карина Пангиреева «Space ұрпағы» жас ғалымдардың қазақстандық ғарышкерлермен, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрімен салтанатты кездесуге қатысты.

Қазғарыштың тапсырмасы бойынша «РҒБО» АҚ-ның баспасөз қызметі Байқоңырдағы оқушылармен бейнесюжет дайындады, ол «Space ұрпағы» іс-шарасы кезінде көрсетілді. Сондай-ақ, Байқоңыр қаласында Байқоңыр қаласындағы 277 қазақ мектебінің оқушыларымен Қазақстанның ғарыш тарихы туралы деректі фильм көрсетіліп, Қазғарыштың бүгінгі жетістіктері туралы әңгіме айтылды.



2022 жылдың 17 сәуірінде ОРТ-ЕВРАЗИЯ телеарнасында «Грани» аналитикалық бағдарламасында «Ақкөл» ғарыштық байланыс орталығының жұмысы туралы репортаж шықты. Толық бейнесюжетті сілтеме бойынша көруге болады.



Сондай-ақ, «РҒБО» АҚ ҚР мектепке дейінгі білім беру ұйымдары арасында «Жас Ғарышкер» 2-ші Республикалық чемпионатын өткізу үшін «Kazdidac» білім беру технологиялары орталығына 200 000 (екі жүз мың) теңге көлемінде демеушілік қайырымдылық көмек көрсетті.

2022 жылдың 24 сәуірінде Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы, тәуелсіз Қазақстанның бірінші Қорғаныс министрі Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетовті еске алуға арналған қазақ күресінен Республикалық турнир өткізу үшін «Ақкөл ауданының қазақ күресі федерациясы» қоғамдық бірлестігіне 100 000 (жүз мың) теңге көлемінде көмек көрсетті.

Бұдан басқа, бұрын Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің түлектері болып табылатын Ғарыштық байланыс орталығының инженерлік-техникалық құрамының қызметкерлері мамандық таңдаудың, ғарыш саласындағы оқытудың қиындығы немесе мүмкіндігінің өзекті мәселелері, сондай-ақ жұмысқа орналасу мәселелері туралы сұхбатқа қатысты.