Пресс-центр/
Жаңалық

«РҒБО»АҚ адамдың алғашқы ғарышқа ұшуына 60 жылдығына орай конференцияға қатысады.

Автор - Нургалиева Сара Кабиевна
Аудармашы - Алуа А. Сарбалина
Күн: 06.04.2021

НҰР-СҰЛТАН. ЖЕКЕ АҚПАРАТ – Ұлы ғарыш мерейтойының құрметіне - адамның алғашқы ғарышқа ұшуының 60 жылдығына орай Қазақстанда бірқатар салтанатты шаралар өтеді. Негізгі іс-шаралардың бірі - Байқоңырдағы Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі (ҚР ЦДИАӨМ) ұйымдастырған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция.

Конференцияға «РҒБО» АҚ мамандары қатысады және «Ғарыштық байланыс жүйесін дамыту» дөңгелек үстелін өткізеді. «Роскосмос» мемлекеттік корпорациясының өкілдері, шетелдік SES, ONE WEB, TAS, Eutelsat, HEAD Technology, «Транстелеком» АҚ компаниялары осы «дөңгелек үстелдің» жұмысына қатысуға өтінімдер жіберді.

«Біз жаңа ғарыштық технологияларды (ГСОЕ) пайдалану арқылы ғарыштық байланысты одан әрі дамыту, осы саладағы халықаралық ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылауды жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ, осы халықаралық форум аясында біз SES, ONE WEB ғарыштық байланыс жүйелерінің әлемдік операторларының басшыларымен келіссөздер жүргізгіміз келеді», - деді «РҒБО» АҚ Басқарма Төрағасы Мәлік Жүйріктаев.

Байқоңырдағы туризмді дамыту, Жерді қашықтықтан зондтау саласындағы ынтымақтастық, спутниктік байланыс және хабар тарату жүйелерін пайдалану, Халықаралық ғарыш станцияларындағы перспективалы ғылыми зерттеулер бойынша төрт «дөңгелек үстелге» оннан астам елдің сарапшылары қатысады.

Конференцияны ұйымдастырушылар барлық еріктілерді оның жұмысына онлайн форматта қатысуға шақырады, https://www.gharysh.kz/event/en2/ сілтемесі бойынша 2021 жылдың 8 сәуіріне дейін тіркелуіңіз керек.