Пресс-центр/
Жаңалық

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына «БІЗДІҢ АДАМДАР» айдары

Автор - Нургалиева Сара Кабиевна
Аудармашы - Лида Тастенова
Күн: 11.11.2021

Ғарыштық байланыс: жаңа сын-қатерлер мен перспективалар – В.Леоновтың сұхбаты.

НҰР-СҰЛТАН. ЖЕКЕ АҚПАРАТ. «РҒБО» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Василий Александрович Леонов өзінің жас екендігіне қарамастан, РҒБО ардагерлерінің бірі болып табылады. Томск мемлекеттік басқару жүйелері және радиоэлектроника университетінің соңғы курс студенті болған кезінен 2005 жылдың қазан айынан бастап «Ақкөл» жерүсті басқару кешенінің Ұшуды басқару орталығының жедел басқару секторының инженері болып жұмыс істей бастады. «Кәсіпорын басшысы Виктор Дмитриевич Лефтер мені, тәжірибеден өтуші-дипломшыны, «жарты ақыға» жұмысқа алуға шешім қабылдаған сәтті ризашылықпен еске аламын. Бұл мен бүгін әлі күнге бағалайтын сенім несиесі болды», - дейді Василий Александрович.

2006 жылдың қаңтарында Томскіде өзінің «радиоэлектрондық жүйелер» мамандығы бойынша дипломдық жобасын сәтті қорғап, бірден Ақкөл қаласына оралып, ҰБО талдау және баллистикалық қамтамасыз ету бөліміне тағайындалды. «Достардың, мамандардың командалық рухы, алғашқы байланыс жерсерігін жасау кезіндегі патриоттық сезімдер мен кәсіби қызығушылық, Ресейден келген әріптестеріміздің қолдауы соншалықты толқытарлық, қызықты болды, сондықтан біз уақытқа, тұрмыстық жағдайға қарамадық. Ең бастысы – жұмыс, жерсерік. Негізгі топ «Қазақстанның ғарыштық байланысының алғашқы ізашарлары» деп айтсам да болады РҒБО-да қазір де жұмыс істеп жатқанына қуаныштымын. Біздің ұжымның басты құндылығы – бұл адамдар, мамандар және жұмыстың бірінші күнінен бастап бізге дағдыландырған досымыздың, әріптестеріміздің қолдауын сезіну.

В.Леонов кәсіпорындағы он бес жыл ішінде қатардағы инженерден бастап «Ақкөл» ғарыштық байланыс орталығы (ҒБО) директорының орынбасары - Ұшуларды басқару орталығының (ҰБО) басшысына дейінгі жолдан өтті. 2021 жылғы 14 Мамырда «РҒБО» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен В.А. Леонов «РҒБО» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды және компанияның жаңа перспективалық жобаларын жүргізеді. Қазақстанның ғарыш саласын дамытуға қосқан үлесі үшін «ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерейтойлық медалімен, Қазғарыштың, Роскосмостың ведомстволық наградаларымен марапатталған.

В. Леоновтың «ҚазАқпарат» ХАА 2021 жылғы 10 қарашадағы сұхбаты https://www.inform.kz/ru/kosmicheskaya-svyaz-novye-vyzovy-i-perspektivy_a3860366

НҰР-СҰЛТАН. ҚАЗАҚПАРАТ – Жақында Қазақстанның астанасында өткен Digital Bridge халықаралық цифрлық форумында One Web компаниясының төменгі орбиталық жерсеріктерінің мүмкіндіктерін көрсете отырып, ATLAS Live Demo пилоттық жобасының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Бұл оқиғаға түсініктеме бере отырып, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин ақпаратқа қол жеткізу – әрбір адамның базалық құқығы екенін және мемлекет қазақстандықтарға интернетке қосылу мүмкіндігін беруге тиіс екенін атап өтті. «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» (РҒБО), «Жусан мобайл» бастаған қазақстандық компаниялар қазірдің өзінде жұмысқа кірісіп кетті және бір жылдан кейін нақты нәтиже – қала мен ауыл арасындағы Интернетке қолжетімділіктегі алшақтықтың азаюын сезінуге болады. Бүгінгі таңда еліміздің алты жүзден астам ауылдық елді мекендерінде ұялы байланыс жоқ», - деді Б.Мусин. Ғарыштық байланыс саласындағы бүгінгі күннің сын-қатерлері, қазақстандық ғарыштық байланыс және хабар тарату жүйесінің даму перспективалары, РҒБО-ның жаңа жобалардағы рөлі туралы «ҚазАқпарат» ХАА берген сұхбатында «РҒБО» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Василий Леонов айтып берді.

Василий Александрович, халықаралық цифрлық форумда жерсеріктік байланыс жүйелері тақырыбына панельдік сессия арналды. Әңгіме не туралы болды, олар қандай шешімдерге келді?

- Панельдік сессия жұмысына ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Мәлік Олжабеков, OneWeb компаниясының нарыққа қолжетімділік жөніндегі директоры Иван Зайцев қатысты, мен «РҒБО» АҚ атынан қатыстық, ал Стив Коллар – SES компаниясының бас атқарушы директоры онлайн-режимде біздің әңгімемізге қатысты. Өз баяндамамда мен Қазақстан Республикасының ғарыштық байланысының қазіргі шындығына шолу жасадым, шетелдік әріптестер жаңа буынның геостационарлық емес кең жолақты жерсеріктік байланыс жүйелері (ГЕСО) мысалындағы инновациялық шешімдер туралы айтып берді.

Қазақстан Республикасының ғарыштық байланысы – бүгінде Қазақстанның телекоммуникациялық инфрақұрылымының орнықты, жоғары технологиялық секторы және негізгі буыны. Ұлттық ғарыштық байланыстың қалыптасуына Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың, ел Үкіметінің бастамалары мен шешімдері ықпал еткенін атап өткім келеді. 2004 жылы құрылған РҒБО-ның басты міндеті бекітілген жерсеріктік байланыстың ұлттық желілері үшін «KazSat» сериялы геостационарлық жерсеріктер базасында ғарыш сегментін ұсыну мәселелерінде Қазақстанның тәуелсіздігін қамтамасыз ету болды.

ҚР ғарыштық байланысының ұлттық операторы болып табылатын РҒБО активінде қазір не бар?

- Біздің кәсіпорынның 17 жылдық қауырт жұмысының негізгі активтері мен құндылықтары бірінші кезекте «KazSat» сериялы ғарыш аппараттарының сенімді геостационарлық орбиталық топтамасы болып табылады. Оның құрамына «KazSat-2» байланыс жерсеріктері, Ku жиілік диапазонындағы «KazSat-3» ғарыш аппараты, «KazSat» ғарыш аппараттарын басқару және олардың ресурстарын мониторингтеу бойынша дамыған жерүсті ғарыш инфрақұрылымы – бұл «Ақкөл» және «Көктерек» ғарыштық байланыс орталықтары (ҒБО). Бүгінде біз Қазақстан Республикасының аумағында және Орталық Азия елдерінде кең клиенттік базаға иеміз, олар шешімдер мен «KazSat» брендіне сенеді, «Көктерек» ҒБО базасында жоғары технологиялық Телепорт құрылып, табысты жұмыс істеуде. Ең бастысы – бұл жоғары кәсіби инженерлік-техникалық персонал, оның бірегей құзыреті.

РҒБО ұжымында «Kazsat-2R» жобасының тоқтатылуы туралы хабар қалай қабылданды және жаңа буындағы байланыстың жерсеріктік топтамаларының жаңа жобаларындағы РҒБО рөлі қандай болады?

- Бұл шешім Үкімет деңгейінде инновацияның пайдасына қабылданды. Әрине, бұл оңай болған жоқ, өйткені «Kazsat-2R» жобасын дайындауға көп уақыт пен күш жұмсалды... бірақ бүгінгі күні, жаһандану жағдайында, телекоммуникациялық нарықтың белсенді трансформациясы жағдайында біздің компания ғарыштық байланыстың отандық саласының үдемелі дамуының маңыздылығын толық түсінеді. «РҒБО» АҚ өзі үшін одан әрі экономикалық өсу үшін драйвер болатын жетекші әлемдік кәсіпорындардың (OneWeb, SES, ЅрасеХ) геостационарлық емес жаһандық ғарыш топтары базасында деректерді берудің инновациялық жерсеріктік технологияларының қазақстандық нарығына бастаушысы рөлін көреді.

Біз жаңа буынның жаһандық геостационарлық емес жерсеріктік жүйелерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы телекоммуникациялық инфрақұрылымына толықтыру ретінде қарастырамыз, бұл ретте олардың мүмкіндіктерін цифрлық қоғамды дамытудың ұлттық бағдарламаларына, атап айтқанда Қазақстан Республикасының халқы 250 адамнан кем 617 ауылдық елді мекенінде Интернет желісіне кең жолақты қолжетімділік қызметтерін ұсыну жөніндегі мемлекеттік міндетке үйлесімді интеграциялаудың маңыздылығын атап өтеміз, бұл ретте Қазақстан Республикасының Үкіметі белсенді түрде қолдап отыр.

Өз кезегінде, «KazSat» ғарыштық байланыс жүйесін дамыту 2029 жылы қолданыстағы «KazSat-3» жерсерігін жоспарлы ауыстыру үшін «KazSat-3R» перспективалық ғарыштық байланыс жүйесін құру жөніндегі жұмыстарда жерсеріктік теледидарды дамытудағы трендтерді, елдің бірыңғай ақпараттық алаңын (мемлекеттік телерадио хабарларын тарату) қамтамасыз етуді, күш құрылымдарына, мемлекеттік компанияларға байланыс қызметтерін ұсыну арқылы ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жәрдемдесуді, сондай-ақ геостационарлық емес жүйелер базасында жерүсті технологиялары мен жерсеріктік байланыс үшін резервтік шешімдерді қамтамасыз етуді ескере отырып жалғасын табады. Жақын арада біз және біздің «РҒБО» АҚ ғарыштық байланыс саласындағы серпінді жобалардың куәгерлері ғана емес, сонымен қатар олардың толыққанды қатысушылары болатынына сенімдімін. - Сұхбат үшін рахмет, Василий Александрович.

Сізге жаңа жобаларды іске асыру тапсырылған компанияның жас басшысы ретінде оларды табысты іске асыруды тілейміз.