Пресс-центр/
Жаңалық

«РҒБО» АҚ Digital Bridge халықаралық цифрлық форум жұмысына қатысты

Автор - Нургалиева Сара Кабиевна
Аудармашы - Алуа А. Сарбалина
Күн: 01.11.2021

НҰР-СҰЛТАН. ПРЕСС-РЕЛИЗ - 2021 жылғы 28-29 қазанда Қазақстан астанасында жыл сайынғы «Digital Bridge» халықаралық технологиялық форумы өтті. ІТ-технологиялар, соның ішінде заманауи ғарыштық технологиялар саласындағы жетекші мамандар цифрлық даму саласындағы тәжірибемен және инновациялық шешімдермен алмасты. Форумды Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ұйымдастырды.

Форум аясында OneWeb компаниясы Министр Бағдат Мусиннің қатысуымен ТМД тарихында бірінші рет төмен орбиталық жерсеріктік жүйе арқылы кең жолақты Интернетке қол жеткізу қызметтерін көпшілік алдында демонстрациялады https://www.inform.kz/ru/na-forume-digital-bridge-prodemonstrirovali-vozmozhnosti-nizkoorbital-nyh-sputnikov-one-web_a3854794.

ATLAS Live Demo демонстрациялық сынақтары «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ және «Zhusan Mobile» АҚ қолдауымен «Астана» халықаралық қаржы орталығында тіркелген OneWeb Kazakhstan Ltd. компаниясының жабдығында өткізілді. Бұл жабдық Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш орталығының аумағында орнатылған және оны жергілікті түрде «Қазақстан Ғарыш Сапары» АҚ сүйемелдеуде, деп хабарлайды ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметі.

Сынақтар барысында сәтті нәтижелер жылдамдық (жерсеріктік терминалға 195 Мб/с даунлинк және 32 Мб/с аплинк), джиттер (3-5 мс) және сигналдың кешігуі (30-40 мс) бойынша көрсетілді. OneWeb елдегі OneWeb жүйесінің Орталық Азия технологиялық хабының құрылысы аяқталмай тұрып, осындай демонстрацияларды өткізуді жоспарлап отыр. Хаб құрылысы аяқталғаннан кейін компания Қазақстанның байланыс операторлары үшін еліміздің шалғайдағы ауылдық елді мекендерін Интернетке кең жолақты қолжетімділікті қамтамасыз ететін шешімдерді ұсынатын болады, деп хабарлайды ҚР ЦДИАӨМ баспасөз қызметі.

Digital Bridge-2021 аясында «OneWeb» компаниясы және «Ғалам» ЖШС Қазақстан Республикасында OneWeb жерсеріктерінің құрамдас бөліктерін өндіруді локализациялауға тапсырыстарды орналастыру ниеті туралы хаттамаға қол қойды.

Форумның қорытынды күнінде «РҒБО» АҚ «Жерсеріктік байланыс жүйелері» панельдік сессиясына қатысты. Модератор Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Мәлік Олжабеков болды. Спикерлер: Василий Леонов – «РҒБО» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары, Иван Зайцев – «OneWeb» LLC Нарыққа қол жеткізу жөніндегі директоры, Стив Коллар – SES компаниясының бас атқарушы директоры (онлайн).



Бір сағаттық сессия барысында Қазақстан Республикасының ғарыштық байланысының бар ақиқатына шолу жасалды, форумға қатысушылар даму перспективаларын, оның ішінде жаңа буынның геостационарлық емес кең жолақты жерсеріктік байланыс жүйелері мысалында инновациялық шешімдерді талқылады.