Пресс-центр/
Жаңалық

Р.С.Буралхиева ҚР ЦДИАөМ Аэроғарыш комитеті Төрағасының орынбасары болып тағайындалды

Автор - Нургалиева Сара Кабиевна
Аудармашы - Алуа А. Сарбалина
Күн: 20.11.2021

НҰР-СҰЛТАН. ПРЕСС-РЕЛИЗ – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі (ЦДИАөМ) аппарат басшысының бұйрығымен Рәзия Бұралхиева ҚР ЦДИАөМ Аэроғарыш комитеті төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды.

Разия Бұралхиева 1962 жылы Шымкент қаласында дүниеге келген. В.И. Ленин атындағы Ташкент мемлекеттік университетінің (ТашМУ) механика-математика факультетін 1984 жылы бітірген соң, еңбек жолын сол оқу орнында бастады. ТашМУ-да 12 жыл жұмыс істеп, аға лаборанттан халықаралық экономикалық қатынастар факультетінің деканына дейін ғылыми қызметкердің жолын өтті.

2007-2014 жылдары «Қазақстан Ғарыш Сапары» Ұлттық компаниясы» АҚ-да бас маман, бөлім бастығы, басқарма бастығы қызметтерін атқарды.

2014 жылы Қазғарышқа шақырылып, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Аэроғарыш комитеті Жобаларды сүйемелдеу басқармасының бас сарапшысы болып мемлекеттік қызметке кірісті.

2015 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР ЦДИАөМ Аэроғарыш комитетінің Жерді қашықтықтан зондтау, навигация және ғарыштық техникалар өндірісі басқармасының басшысы қызметін атқарды.

2020 жылы «Ғарыш саласын дамытуға қосқан үлесі үшін» салалық медалімен марапатталды.