Пресс-центр/
Жаңалық

Digital Bridge форумында One Web жерсеріктерінің мүмкіндіктері көрсетілді

Автор - Нургалиева Сара Кабиевна
Аудармашы - Алуа А. Сарбалина
Күн: 28.10.2021

НҰР-СҰЛТАН. ҚАЗАҚПАРАТ - Digital Bridge халықаралық технологиялық форумы аясында OneWeb ATLAS Live Demo жобасының таныстырылымы One Web компаниясының төмен орбиталы жерсеріктерінің мүмкіндіктерінің орнындағы көрсетілімімен өтті. Қазақстан астанасындағы цифрлық форумға келген OneWeb халықаралық корпорациясының бас атқарушы директоры Нил Мастерсон Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусиннің қатысуымен OneWeb жерсеріктік шоқжұлдызы арқылы байланыс орнатуды көрсетіп, оның мүмкіндіктеріне тоқталды.

«Бұл нақты уақыт режимінде OneWeb қызметтерінің жұмысын көрсететін Қазақстандағы бірінші демо LEO жүйесі», - деді халықаралық корпорация басшысы.

Демонстрацияға қатысушылар жоғары жылдамдықта және төмен кідіріспен тікелей жерсеріктік хабар таратудың куәсі болды.

Өздеріңіз білетіндей, «OneWeb» компаниясы Интернетке қол жеткізу қызметтерін және пайдаланушы терминалына жоғары жылдамдықты деректерді беруді қамтамасыз ету үшін ғаламдық төмен орбиталық жерсеріктік желіні құрайды.

Бұл жобаны OneWebKazakhstanLtd. компаниялары «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ және «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ көмегімен 2021 жылғы 9 сәуірде Байқоңыр қаласында қол қойылған ынтымақтастық туралы меморандум аясында жүзеге асыруда.

Еске салайық, 2021 жылдың тамызында Нұр-Сұлтандағы Ұлттық ғарыш орталығының (ҰҒО) алаңында тестілік сынақтарға дайындалу мақсатында OneWeb компаниясының жабдығын орнату және баптау жұмыстары аяқталды.

Digital Bridge басталу қарсаңында ҰҒО-да қазақстандық сарапшылар үшін OneWeb демо-тесттері өткізілді.

Министр Бағдат Мусиннің айтуынша, OneWeb компаниясы ашық тестілеу мен жерсеріктік мүмкіндіктерді көрсетуді сәтті өткізді. «Біз әрбір қазақстандықтың, соның ішінде барлық шалғай ауылдардың «қосылғанын», яғни интернетке қол жеткізгенін қалаймыз», - деп атап өтті министр.

Өз кезегінде Нил Мастерсон цифрлық форумның деңгейін және заманауи ғарыштық технологияларды пайдаланудағы ҚР ЦДИАӨМ рөлін жоғары бағалады.

Мәселені талқылау аясында OneWeb компаниясы және «Ghalam» ЖШС арасында ниет туралы хаттамаға қол қойылып, ол басшылар Нил Мастерсон мен Айдерген Русланұлының қолдарымен бекітілді.

OneWeb компанияларының нарықтағы қолжетімділік жөніндегі директоры Иван Зайцевтің ақпараты бойынша ынтымақтастықтың негізгі бағыттарына Орталық Азияда тек Қазақстанға ғана емес, Орталық Азияның басқа да мемлекеттеріне қызмет көрсететін технологиялық хаб құру жатады.

Digital Bridge форумында One Web компаниясының төмен орбиталы жерсеріктерінің мүмкіндіктерінің тікелей көрсетілімі өтті