Пресс-центр/
Жаңалық

Қазақстан ауылдарында жылдам Интернет үшін SES компаниясының демо жобасы іске қосылды

Автор - Нургалиева Сара Кабиевна
Аудармашы - Лида Тастенова
Күн: 18.11.2021

Люксембург / Нұр- Сұлтан, 18 қараша 2021 жыл. БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ - Қазақстанның екі шалғай ауылдық елді мекенінде 30 күн ішінде контентті жеткізу және байланысты қамтамасыз ету үшін шешімдердің жетекші әлемдік жеткізушісі болып табылатын SES компаниясы байланыстың жерсеріктік арналары арқылы интернетке қолжетімділік беретін болады. Орташа жер орбитасындағы SES жерсеріктік желісі төмен түсетін арнаның 380 Мбит/с және жоғары арнаның 120 Мбит/с жылдамдығын қамтамасыз етеді.

Демонстрация Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің (цдиаөм) ведомстволық бағынысты кәсіпорны Республикалық ғарыштық байланыс орталығымен (ҚҚБО) және AsiaNetCom - қазақстандық байланыс операторымен ынтымақтастықта жүргізіледі.

Пилоттық бағдарлама «Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс» ұлттық жобасы шеңберінде жүргізілуде. Аталған бағдарлама цифрлық алшақтықты жоюға және халыққа, шағын және орта бизнес субъектілеріне, денсаулық сақтау, білім беру объектілеріне және т. б. жоғары жылдамдықты Интернетке қолжетімділікті ұсынуға бағытталған.

Тестілік қосылу мүмкіндігі осы жылдың басында қол қойылған SES және РҒБО арасындағы ынтымақтастық туралы келісімнің мәні саналады және «Цифрлық Қазақстан» үшін аз кідіріспен жоғары өнімді спутник байланысы қызметтерін ұсыну үшін орташа жер орбитасында орналасқан және екінші буындағы O3b mPOWER жүйесін іске қосуға дайындалып жатқан SES желілерінің артықшылығын көрсетеді.

Демонстрация үшін «Көктерек» ғарыштық байланыс орталығында орналасқан телепортқа қосу үшін SES компаниясының бірінші буыны O3b спутниктерін пайдаланады. Демонстрациялық режимде Интернетке қол жеткізу Алматы облысындағы Ақтерек және Беріктас ауылдық елді мекендерінің тұрғындары үшін жүргізілетін болады.


В отдаленных селах Казахстана предоставят высокоскоростной доступ к Интернету

Спутниковая компания SES запустила демо-проект в Казахстане

Высокоскоростной интернет получат отдаленные села Казахстана

Шалғайдағы ауылдар жүйрік интернетпен қамтылады

В КАЗАХСТАНЕ НАЧАЛСЯ ПИЛОТНЫЙ ПРОЕКТ ИНТЕРНЕТ-ДОСТУПА ЧЕРЕЗ СПУТНИКИ НА СРЕДНЕЙ ОКОЛОЗЕМНОЙ ОРБИТЕ

В отдаленных районах Казахстана начали тестировать спутниковый интернет