Пресс-центр/
Жаңалық

«Адамзат қызметіндегі ғарыштық технологиялар» дөңгелек үстелі.

Автор - Нургалиева Сара Кабиевна
Аудармашы - Алуа А. Сарбалина
Күн: 22.05.2021

НҰР-СҰЛТАН. ҚАЗАҚПАРАТ – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Кітапханасы мұражайының ғимаратында «Адамзат қызметіндегі ғарыштық технологиялар» атты дөңгелек үстел өтті, - деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«РҒБО» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Ш.Свогузов және Стратегиялық жобалар департаментінің директоры А.Қадыр қатысты.

Елордада адамзатқа қызмет ететін ғарыштық технологиялар талқыланды.

Онлайн- және оффлайн- форматтарда өткен іс-шара адамның ғарышқа алғашқы ұшуының 60 жылдығына арналған «Жер, адамға тағзым ет!» халықаралық көрмесі алаңындағы қоғамдық бағдарлама аясында ұйымдастырылды. Дөңгелек үстелге отандық ғалымдар, ғарышты зерттеу және биотехнология саласындағы сарапшылар, «Жер, адамға тағзым ет!» көрмесінің серіктестері қатысты.

Олардың қатарында Қазақстан Республикасындағы Россотрудничество Өкілдігінің басшысы, Ресей Федерациясының Қазақстандағы Елшілігінің кеңесшісі Алексей Коропченко, «Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы» АҚ басқарма төрағасы, Халықаралық ақпараттандыру академиясының және ҚР Инженерлік академиясының академигі Марат Нұрғожин, «Ұлттық биотехнология орталығы» РМК бас директоры, Nazarbayev University профессоры, ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі Ерлан Раманқұлов, «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Шоқан Свогузов, «В.Г. Фесенков атындағы астрофизикалық институт» ЕЖШС директорының орынбасары Рашит Валиуллин, қазақстандық жоғары оқу орындарының студенттері. Талқылауды Елбасы Кітапханасының директоры Бақытжан Темірболат жүргізді. «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев Байқоңыр ғарыш айлағын әлемдік экономикалық бәсекелестікте біздің артықшылығымыз деп атай отырып, әрдайым ғарыш саласының ғылым мен техниканың дамуы үшін маңыздылығы туралы айтады», - деді ол.

«Алғашқы адамның Қазақстан жерінен ғарышқа ұшқанына 60 жыл ғана өтті. Адамзаттың басқа әлемдерге жететіні сөзсіз, бірақ алдымен біз өз Жерімізді, үйімізді жабдықтауымыз керек. Сондықтан біз осындай іс-шараларды өткізіп жатырмыз», - деді Қазақстандағы Россотрудничество Өкілдігінің басшысы Алексей Коропченко.

«Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы» АҚ басқарма төрағасы Марат Нұрғожин отандық ғарыштық ғылымның жағдайы мен болашағы туралы айтты. «Алдағы жылдары Қазақстан үшін заманауи ғарыштық қызметтердің әлемдік нарығының лайықты үлесін алу үшін халықаралық деңгейдегі ақпараттық ресурстар мен қызметтерді құру қажет», - деді ол.

«Ұлттық биотехнология орталығы» РМК бас директоры Ерлан Раманқұлов Марсқа экспедицияларды жүзеге асыру тақырыбына тоқталып, ғарыш саласы қызметіндегі заманауи технологиялар туралы айтты. «Шешілмеген негізгі проблема - ғарыш экспедицияларын отынмен, сумен және тамақпен қамтамасыз ету. Американдық ғалымдар синтетикалық биология мәселені шешуге болады деп санайды», - деді ол.

Кездесуге қатысушылар мен тыңдаушылар ауылшаруашылығын, төтенше жағдайларды, қоршаған ортаны ғарыштық бақылаудың заманауи технологиялары; Ғарыштық техника және технологиялар институтының жетістіктері мен болашағы, ХҒС бойынша Қазақстан Республикасының эксперименттерінің ғылыми бағдарламалары, Қазақстандағы ғарыштық байланыстың шындығы мен болашағы туралы көптеген қызықты мәліметтер алды. Сондай-ақ, дөңгелек үстелге қатысушылар Кітапхананың «Күмбез» залына баруға мүмкіндік алды, мұнда көрменің үшінші бөлімі «Жер. Біріншіге уақыт!» адамзаттың ғарыш кеңістігіндегі алғашқы қадамдарының шежіресімен, ғарыш ғылымындағы жетістік пен қазақстандық ғарышкерлердің ерліктері туралы материалдары ұсынылған.

Студенттер бұл адамдармен қызықты кездесуді ұйымдастырушыларға алғысын білдірді, олар туралы Мемлекет басшысы Қ.Қ.Тоқаев: «Ғалымдардың, құрылымдаушылардың, сынаушылар мен инженерлердің зор жұмыстары болмаса, ғарышты зерттеу мүмкін болмас еді, олардың кәсіби шеберлігі мен адалдығы қазіргі космонавтиканың дамуына ықпал етеді» деген.