Пресс-центр/
Жаңалық

Республикалық ғарыштық байланыс орталығында балалар таланты әлемі ашылды.

Автор - Нургалиева Сара Кабиевна
Аудармашы - Алуа А. Сарбалина
Күн: 01.06.2021

НҰР-СҰЛТАН. ҚАЗАҚПАРАТ - Балаларды қорғау күніне орай «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ балалар арасында «Таланттар әлемі» атты онлайн-байқау ұйымдастырды, - деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Үш жас санатындағы 32 бала өз шығармашылықтарымен - өлеңдер, әндер, билер, спорттық жетістіктерімен бейнероликтер жіберді, және дауыс беруге барлық ұжым қатысып, әр қатысушыға номинацияларды анықтады. «Біз әрдайым балаларымызды осы тамаша мерекемен құттықтаймыз, биыл карантиндік жағдайда шара онлайн режимінде ұйымдастырылды. Бұл одан да жақсы болып шықты, өйткені біз қанша талантты, шығармашыл балаларымыз бар екенін елестете де алмадық», - деді кадр жұмысы басқармасының бастығы Индира Шахан. Бүгін ата-аналар балаларына өздері жұмыс жасайтын кәсіпорынның атынан номинациялары бар сыйлықтар мен грамоталарды табыстайды.

РҒБО өз қызметкерлерінің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларына үлкен көңіл бөлетіндігін атап өткен жөн. Мысалы, «Kazsat» байланыс және хабар тарату ғарыш аппараттарын басқарудың басты жерүсті мекемесі - «Ақкөл» ғарыштық байланыс орталығы (ҒБО) жанында кәсіпорынның жеке көп пәтерлі тұрғын үйі орналасқан. «Үйде 32 пәтер бар, 28 отбасы тұрады, яғни 104 адам. Оның ішінде 40 бала: 16 мектеп оқушысы, 23 мектеп жасына дейінгі балалар, 1 студент. Үйде, әрине, тұрғындарға, ең алдымен балаларымызға барлық жағдай жасалған. Ашық ойын алаңы мен жабық ойын бөлмесі, велосипед, самокат тебуге мен бесік арбаларға арналған үлкен жабық аула бар. Карантин жарияланған күндері біз табиғаттағы тұрғын үйімізді ерекше бағаладық: таза ауа, қауіпсіздік. Аналар әрдайым өз балалары үшін алаңдамауға бола алады, барлығы бір-бірін таниды», - деп екі баланың анасы, Ақкөл ҒБО іс жүргізушісі Гүлнұр Мұхамадиева өз әсерімен бөлісті. Байланыс мониторингі орталығының бастығы күйеуі Русланмен бірге олар бұл үйде бірінші күннен бастап тұрып жатыр.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, 2006 жылдан бастап 2020 жылға дейін «Ақкөл» ҒБО қызметкерлері бірнеше ондаған отбасы құрды, 81 бала дүниеге келді, оның 48-і осы үйде. Төрт баласы бар көп балалы отбасылар бар. Ақкөлде дүниеге келген үлкені қазір он бес жаста. Ата-анасымен бірге Ақкөлге келген балалар осы «ғарыштық» үйде өсіп, өздері маман болды. Оның үстіне, олардың әкелері сияқты ғарыштық байланыс мамандары. РҒБО ұжымында бірнеше отбасылық әулеттер бар. «Тәрбие, ұрпақ сабақтастығы, өз жұмысына деген сүйіспеншілік балаларға назар аударатын осындай шаралардан басталады. Бұл жолы балалар қойылымдарымен бейнежазбаларды көріп, біз өзіміз үшін жаңа ғаламды аштық - бұл біздің балаларымыздың әр түрлі таланттарының ғаламы», - деп атап өтті «РҒБО» АҚ қызметкерлері.