Пресс-центр/
Жаңалық

Тұңғыш Президент күніне

Автор - Пресс-служба
Аудармашы - Пресс-служба
Күн: 01.12.2021

Бірінші бүкілхалықтық Президент сайлауының 30 жылдығы мерекелік датасына орай Елбасының кітапханасы тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаушы – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевқа арналған бейнеролик дайындады. Н.Ә. Назарбаевтың тарихи еңбегіне құрмет ретінде 2011 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мемлекеттік мереке болып бекітілді.

1991 жылғы 1 желтоқсанда Қазақстанда алғашқы бүкілхалықтық президент сайлауы өтті. Оның нәтижесінде халықтың қолдауына ие болған Н.Ә. Назарбаев ел Президенті болып сайланды.

Елбасының мемлекеттік саясатының басты әрі даусыз жетістіктеріне нарықтық экономикасы және тұрақты саяси жүйесі бар қазіргі заманғы мемлекеттің құрылысын, шекараны халықаралық-құқықтық рәсімдеуді, этносаралық және конфессияаралық келісімнің тиімді моделін құруды, ұзақ мерзімді «Қазақстан-2030» және «Қазақстан-2050» даму стратегияларын әзірлеу мен іске асыруды жатқызуға болады.

Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев «Тарихи тұлға тағылымы» мақаласында: «Нұрсұлтан Әбішұлы – осындай айрықша ерік-жігерімен ертеңгі көкжиекке батыл қарай білген бірегей реформатор, әлем мойындаған мемлекет қайраткері! Ол – тәуелсіз елдің төл тарихын өз қолымен жасаған тегеурінді тұлға! Елбасымыз әлемнің ең азулы елдерінің басшылары мен саяси қайраткерлері құрмет тұтатын биікке көтеріліп, еліміз халықаралық қоғамдастықтың белді де беделді мүшесіне айналды», – деп атап өткен болатын.

Видео бейнеге сілтеме:

https://cloud.mail.ru