Пресс-центр/
Жаңалық

Қазғарыш Отан қорғаушыларды еске алды

Автор - Нургалиева Сара Кабиевна
Аудармашы - Алуа А. Сарбалина
Күн: 06.05.2022

НҰР-СҰЛТАН. ҚАЗАҚПАРАТ - Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күні қарсаңында қазақстандық ғарыш мамандары салтанатты шаралар өткізді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Мәлік Олжабеков пен Қазақстан Республикасы ЦДИАӨМ Аэроғарыш комитетінің Төрағасы Баубек Оралмағамбетов «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ (РҒБО) қызметкерлерінің салтанатты шеруіне қатысты және осы айтулы күндердің ерекше рөлін атап өтті.

«РҒБО» ұжымында отыздан астам запастағы офицерлер, оның ішінде Байқоңыр мектебін бітіргендер де қызмет етеді, әскери құрмет, борыш пен даңқ дәстүрлері, жеке құрамның осындай салтанатты жасақталуы түріндегі жауынгерлерді еске алу дәстүрлері орталық құрылған алғашқы күннен бастап бізде сақталып қалды», - деді РҒБО басшысы Мәлік Жүйріктаев.

Бүгін Қазғарыштың тағы бір кәсіпорны басшылары – «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ басшысы, ұшқыш-ғарышкер, генерал Айдын Айымбетовтің жетекшілігімен «Отан қорғаушылар» ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

Ертең Қазғарыш кәсіпорындарының қызметкерлері «Ақкөл» ғарыштық байланыс орталығы орналасқан Ақкөл қаласына барады. Бұрынғы дәстүр бойынша Қазақстанның ғарыштық байланыс мамандары қонақтармен бірге армия генералының туған жерінде бюсті орнатылған Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағамбетовты еске алады.