Пресс-центр/
Жаңалық

«РҒБО» АҚ қызметкерлері үстел теннисінен өткен турнирде жүлделі орындарға ие болды

Автор - Нургалиева Сара Кабиевна
Аудармашы - Алуа А. Сарбалина
Күн: 11.04.2022

«РҒБО» АҚ қызметкерлері Қазғарыш Төрағасының кубогы үшін үстел теннисінен турнирде жүлделі орындарға ие болды.

НҰР-СҰЛТАН – 2022 жылдың 9 сәуірінде Қазғарыш төрағасының кубогы үшін үстел теннисінен жыл сайынғы дәстүрлі турнир өтті. Байқауға «Қазақстан Ғарыш Сапары» АҚ (ҚҒС), «РҒБО» АҚ, «Бәйтерек» БК, «Ғалам» БК, сондай-ақ ҚР ЦДИАӨМ Аэроғарыш комитетінің орталық аппараты кәсіпорындарының 30-дан астам қызметкері қатысты.

«РҒБО» АҚ үш командасын ұсынды - «Kazsat» (Роман Әкімов, Еркін Шаймағамбетов, Татьяна Бородина), «Kazsat-2» (Анатолий Кулешов, Жұмабай Хайдаров, Гүлмира Зұлқарнаева), «Kazsat-3» (Ерлан Досымбаев, Асқар Оразалин, Күмісай Садубаева).

Қыңыр тартыста жалпыкомандалық есепте «ҚҒС» АҚ өкілдері жеңімпаз атанды, оның үшеуі де үш командаға шықты. Төрағаның ауыспалы Кубогы 2022 жылдың 12 сәуірінде Ұлттық ғарыш орталығында қазақстандық ғарышкерлердің қатысуымен өтетін мерекелік іс-шарада салтанатты түрде тапсырылады.

Біздің «Kazsat», «Kazsat-1» екі командамыз жалпыкомандалықта екінші және үшінші орындарды иеленді.

Әйелдер арасындағы «Қазғарыш-2022» үздік ойыншысы Татьяна Бородина, ерлер арасында жеңімпаз команданың өкілі И.Айтбаев атанды.

Жарыстың ұйымдастырушысы, «РҒБО» АҚ Басқарма Төрағасының кеңесшісі Еркін Шаймағамбетовтың айтуынша, карантинге байланысты екі жылдық үзілістен кейін қайта жалғасқан турнир жоғары деңгейде өтті. «Бұқаралық спортпен айналысу барлығына, соның ішінде біздің мамандарға да қажет», - деп атап өтті ол.

«РҒБО» АҚ командасын спорттық жетістіктерімен құттықтаймыз және еңбек жолында осындай биіктер мен жеңістер тілейміз!