Пресс-центр/
Жаңалық

Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні «РҒБО»АҚ қызметкерлері марапаттарға ие болды

Автор - Нургалиева Сара Кабиевна
Аудармашы - Алуа А. Сарбалина
Күн: 20.05.2021

НҰР-СҰЛТАН. ЖЕКЕ АҚПАРАТ. Кәсіби мерекеге орай «РҒБО» АҚ қызметкерлерінің үлкен тобы ведомстволық марапаттармен марапатталды. Басқарма төрағасы мен Директорлар кеңесінің мүшелері өткізген марапаттарды табыстау орталық кеңседе астаналық «Нұрсая» бөлімшесінің, «Ақкөл» және «Көктерек» ғарыштық байланыс орталықтарының тікелей байланысқа қосылуымен өтті.

Салалық жоғары марапат - «Үздік баянысшы» белгісі қызметкерлерге еңбектегі жоғары нәтижелері, қызметтік міндеттерін адал және жауапты орындағаны, бастамашылдығы, кәсібилігі мен тәлімгерлігі, сондай-ақ РҒБО-да 15 жыл немесе одан да көп жұмыс істегені үшін беріледі.

Төсбелгі: операциялық қызмет жөніндегі басқарушы директор Ибрагим Сұлтанұлы Есіркеповке, «Ақкөл» ҒБО Аппараттық-бағдарламалық және метрологиялық қамтамасыз ету орталығының бастығы Максим Анатольевич Куцевке, «Ақкөл» ҒБО Мониторингты басқару орталығының басшысы Руслан Сергеевич Мухамадиевке ұсынылды.

Байланыс және ақпараттандыру саласындағы жұмыстың тиімділігін арттыруға бағытталған ғарыш саласын дамытудағы сіңірген еңбегі мен жетістіктері үшін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің Алғыс хаттары мен Құрмет грамотасымен «РҒБО» АҚ 10 қызметкері марапатталды.

Кәсіпорынның 11 ардагері «Қазақстанның ғарыштық байланысының ардагері» төсбелгісін алды.

«РЦКС» АҚ Басқармасының Төрағасы Мәлік Жүйріктаев тағы да ұжымды байланыс қызметкерлерінің кәсіби мерекесімен құттықтап, барлығына жемісті еңбек пен амандық тіледі.