Пресс-центр/
Жаңалық

«Nur Otan» бастауыш партия ұйымының мүшелері белсенді жұмыстары үшін марапатталады.

Автор - Нургалиева Сара Кабиевна
Аудармашы - Сауле К. Сулейменова
Күн: 04.03.2021

НҰР-СҰЛТАН. ЖЕКЕ АҚПАРАТ - «Nur Otan» партиясының Нұр-Сұлтан қаласы Байқоңыр аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Айдос Шәріпжанов «РҒБО» АҚ орталық кеңсесінде кәсіпорынның бастауыш партия ұйымының (БПҰ) үздік өкілдеріне марапаттар табыстады.

2020 жылы РҒБО БПҰ құрамында 53 адам болды, пандемияға және карантинге қарамастан жоспарлы жұмыстар уақытында жүргізіліп отырды. Бұл «Nur Otan» праймеризіне, партияның қайырымдылық және патриоттық акцияларына ұжым өкілдерінің қатысуы.

Партия мүшелері - «Ақкөл» ҒБО қызметкерлері ай сайын және ерікті түрде Ақкөл қаласы тұрғындарының әлеуметтік осал отбасыларына маусымдық киім сатып алуға, мектепке дайындалуға, туған күндеріне және мемлекеттік мереке күндеріне сыйлықтар жасау үшін ақша қаражаттарын ұйымдастырады. «РҒБО» АҚ ұжымы БПҰ мүшелерінің ұсынымы бойынша Ақкөл балалар үйінің тәрбиеленушілеріне, сонымен қатар тұрмысы төмен отбасыларға жылыту маусымына дайындық үшін демеушілік көмек көрсетеді.

Алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар Виктор Лефтерге, Ринат Мұстафинге, Асылжан Мусинге, Анара Шариповаға, Жанна Нұрмағамбетоваға табысталды.

«РҒБО» АҚ Басқарма төрағасы Мәлік Жүйріктаев әріптестерін құттықтап және кәсіпорынның бастауыш партия ұйымының жұмысын жоғары бағалағаны үшін қонақтарға алғысын білдірді.