KAZSAT-2
«KazSat-2» ғарыш аппараты 2011 жылғы 16 шілдеде «Байқоңыр» ғарыш айлағынан геостационарлық орбитаға (ГСО) ұшырылды.
KAZSAT-3
«KazSat-3» ғарыш аппаратын ГСО ұшыру 2014 жылы 28 сәуірде «Байқоңыр» ғарыш айлағынан жүргізілді.
«Ақкөл» жерден басқару кешені
2005 жылғы желтоқсанда Қазақстан Республикасының елордасы Астана қаласына жақын жердегі Ақкөл қаласының көрікті орман алқабында бірінші қазақстандық ғарыштық аппараттарды жерүсті басқару кешені және байланыс мониторингі жүйесі құрылды
«Көктерек» резервтік жерден басқару кешені
2013 жылы 28 маусымда «Алматы» РЖБК құрылысы аяқталды, мемлекеттік қабылдау және кешенді пайдалануға енгізу жүргізілді.

Өзбекстан Республикасының ресми делегациясы «Ақкөл» ғарыштық байланыс орталығына барды

2017 жылы 22 желтоқсанда Өзбекстан Республикасының (бұдан әрі – ӨР) мемлекеттік органдары мен ведомстваларының делегациясы Астана қаласына ресми сапары шеңберінде Республикалық ғарыштық байланыс орталығының («РҒБО» АҚ) «Ақкөл» ғарыштық байланыс орталығына («Ақкөл» ҒБО) барды.

Делегация құрамына ӨР Жер ресурстары, геодезия, картография және мемлекеттік кадастр жөніндегі мемлекеттік комитеттің, ӨР Ақпараттық технологиялар мен коммуникацияларды дамыту министрлігінің, «ЖҚЗ және ГИС технологиялар орталығы» МК-ның, сондай-ақ ҚР Қорғаныс министрлігінің өкілдері кірді.

Келудегі мақсаты ғарыштық байланыс жүйесі, Жерді қашықтан зондтау, сондай-ақ дәлдігі жоғары спутниктік навигация жүйелері мәселелері бойынша ғарыш қызметі саласында ынтымақтасу мүмкіндігін талқылау болды.

Қонақтар «KazSat» сериялы ғарыш аппараттарының ұшуын және мониторингін басқару орталықтарымен, «Ақкөл» ҒБО-ның техникалық жабдықталуымен, сондай-ақ кешеннің барлық бөлімшелерінің жұмысымен танысты.

Тараптар атап өткендей, кездесу ғарыш саласының бағыттары бойынша ынтымақтасу болашағын талдауға мүмкіндік берді, сондай-ақ екі елдің мамандарының арасында тәжірибе алмасу қажеттілігі атап өтілді.

20171226 120171226 2

 

«KazSat» ұлттық ғарыштық байланыс жүйесі

 

KAZSAT-2

KAZSAT-3

«Ақкөл» ҒБО

«Көктерек» ҒБО