KADEX-2018
«KADEX - 2018» қару-жарақ және әскери-техникалық V Халықаралық көрмесі
KAZSAT-2
«KazSat-2» ғарыш аппараты 2011 жылғы 16 шілдеде «Байқоңыр» ғарыш айлағынан геостационарлық орбитаға (ГСО) ұшырылды.
KAZSAT-3
«KazSat-3» ғарыш аппаратын ГСО ұшыру 2014 жылы 28 сәуірде «Байқоңыр» ғарыш айлағынан жүргізілді.
«Ақкөл» жерден басқару кешені
2005 жылғы желтоқсанда Қазақстан Республикасының елордасы Астана қаласына жақын жердегі Ақкөл қаласының көрікті орман алқабында бірінші қазақстандық ғарыштық аппараттарды жерүсті басқару кешені және байланыс мониторингі жүйесі құрылды
«Көктерек» резервтік жерден басқару кешені
2013 жылы 28 маусымда «Алматы» РЖБК құрылысы аяқталды, мемлекеттік қабылдау және кешенді пайдалануға енгізу жүргізілді.

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары «Ақкөл» ғарыштық байланыс орталығында болды

20180205 1

2018 жылғы 1 ақпанда Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары «Ақкөл» ғарыштық байланыс орталығында (ҒБО) болды. Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитеттің Төрағасы Дариға Назарбаева бастаған Комитет мүшелері «KazSat» байланыс және хабар тарату ғарыштық жүйесінің жұмысымен танысты.

Астанадан 100 км қашықтықта орналасқан «Ақкөл» ҒБО (Ақмола облысының Ақкөл қаласы) 2005 жылы пайдалануға берілді және ол «KazSat» сериялы ғарыш аппараттарын үздіксіз басқаруға, бақылауға және берілген техникалық және баллистикалық сипаттамаларда ұстауға арналған.

Депутаттар сапар барысында «KazSat-2» және «KazSat-3» ғарыш аппараттарының ұшуын басқару орталығының және байланыс мониторингі орталығының жұмысымен танысты. Сенаторлардың назарына кешеннің техникалық жарақтандырылуы және барлық бөлімшелерінің жұмысы, кәсіпорынның кадрлық құрылымы мен «РҒБО» АҚ мамандарын кәсіптік дайындау деңгейі ұсынылды.

Бүгінгі күні Қазақстанда мемлекеттің байланыстың бекітілген арналарына, цифрлық телерадиохабар таратуға, Интернет желісіне кең жолақты қолжетімділікке, деректерді беруге және байланыстың корпоративтік спутниктік желілерін құруға деген қажеттіліктерін толық қанағаттандыруға қабілетті толыққанды «KazSat» ғарыштық байланыс жүйесі құрылғанын және пайдаланылып жатқанын атап көрсетуге болады.

«Ақкөл» ҒБО қонақтары «РҒБО» АҚ мамандарының кешеннің ішінде тәулік бойы жүргізетін «KazSat-2» және «KazSat-3» ғарыш аппараттарын басқару бойынша жұмысымен нақты уақыт режімінде танысты.

«Ақкөл» ҒБО техникалық қызметкерлер құрамы – бұл мұқият іріктеуден және Ресей Федерациясының ғарыштық байланыс объектілерінде ғарыштық байланыс жүйелерін пайдалану бойынша қосымша теориялық және іс жүзіндегі әзірліктен өткен мамандар, сондықтан мамандарды әлеуметтік қамтамасыз ету «РҒБО» АҚ-дағы басымдықтардың тағы бірі болып табылады.

Сенаторлар қызметкерлер өз отбасыларымен тұратын Тұрғын үй кешенінде болды, сондай-ақ бағдарламалық қамтамасыз ету бөлімінің жетекші инженері Асхат Сарбасовта қонақта болып, «Ақкөл» ҒБО кадрлық құрамының тұру жағдайын өз көздерімен көрді.

Кәсіпорында қызметкерлер «РҒБО» АҚ-ның бағалы капиталы болып табылатындықтан кадрлық әлеуеттің сақталуына және оларға жайлы жағдайлар жасауға көп көңіл бөлінеді.

Бүгінгі күні «РҒБО» АҚ жұмыс істеп тұрған спутниктік байланыс желілерінің үздіксіз жұмыс істеуі мақсатында «KazSat» байланыс және хабар тарату қазақстандық ұлттық спутниктері топтастығын дамыту, сондай-ақ оны одан әрі дамыту бойынша белсенді жұмыс жүргізіп келеді.

20180205 2

20180205 3

 

«KazSat» ұлттық ғарыштық байланыс жүйесі

 

KAZSAT-2

KAZSAT-3

«Ақкөл» ҒБО

«Көктерек» ҒБО