KADEX-2018
«KADEX - 2018» қару-жарақ және әскери-техникалық V Халықаралық көрмесі
KAZSAT-2
«KazSat-2» ғарыш аппараты 2011 жылғы 16 шілдеде «Байқоңыр» ғарыш айлағынан геостационарлық орбитаға (ГСО) ұшырылды.
KAZSAT-3
«KazSat-3» ғарыш аппаратын ГСО ұшыру 2014 жылы 28 сәуірде «Байқоңыр» ғарыш айлағынан жүргізілді.
«Ақкөл» жерден басқару кешені
2005 жылғы желтоқсанда Қазақстан Республикасының елордасы Астана қаласына жақын жердегі Ақкөл қаласының көрікті орман алқабында бірінші қазақстандық ғарыштық аппараттарды жерүсті басқару кешені және байланыс мониторингі жүйесі құрылды
«Көктерек» резервтік жерден басқару кешені
2013 жылы 28 маусымда «Алматы» РЖБК құрылысы аяқталды, мемлекеттік қабылдау және кешенді пайдалануға енгізу жүргізілді.

«Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ қызметкерлері №83 мектеп-гимназияда «Ғарыштану» ғылыми-дамыту орталығының салтанатты ашылуына қатысты

2018 жылы 7 ақпанда Астана қаласының №83 мектеп-гимназиясында «Ғарыштану» ғылыми-дамыту орталығының салтанатты ашылуы өтті.

Орталықтың жұмыс мақсаты әлемнің жаратылу мәселелерімен физика тұрғысынан танысу, аспан денелерінің: планетаның, жұздыздардың және галактиканың пайда болуының және динамикасының физикалық теориясын зерттеу болып табылады. Аспан әлемін зерттеудің техникасымен танысу.

20180214 120180214 2

Ашылуға «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ-ның (бұдан әрі – «РҒБО» АҚ) вице-президент Бауыржан Төлеуханұлы Құдабаев бастаған қызметкерлері шақырылды.

«РҒБО» АҚ қызметкерлерін мектеппен таныстырды, оқу кабинеттерін, Қазақстан Республикасының тарихи тұлғаларына арналған бұрышты, сондай-ақ мектеп кітапханасын көрсетті. «РҒБО» АҚ кітапханаға Қазақстанның ғарышкерлері туралы анықтама кітапты сыйға тартты.

20180214 3

Бауыржан Төлеуханұлы мектеп оқушыларына Қазақстан Республикасының ғарыш саласының жетістіктері туралы, «KazSat» ғарыштық байланыс жүйесі туралы айтты, оқушыларға «KazSat-2» байланыс ғарыш аппаратының үлгісін көрсетті, сондай-ақ ғарыш саласының болашақ маманында қандай дағдылар болу керектігін айтты. Оқушылар ғарыш саласына айырықша қызығушылық білдіре отырып, сұрақтар қойды.

 

«KazSat» ұлттық ғарыштық байланыс жүйесі

 

KAZSAT-2

KAZSAT-3

«Ақкөл» ҒБО

«Көктерек» ҒБО