KAZSAT-2
«KazSat-2» ғарыш аппараты 2011 жылғы 16 шілдеде «Байқоңыр» ғарыш айлағынан геостационарлық орбитаға (ГСО) ұшырылды.
KAZSAT-3
«KazSat-3» ғарыш аппаратын ГСО ұшыру 2014 жылы 28 сәуірде «Байқоңыр» ғарыш айлағынан жүргізілді.
«Ақкөл» жерден басқару кешені
2005 жылғы желтоқсанда Қазақстан Республикасының елордасы Астана қаласына жақын жердегі Ақкөл қаласының көрікті орман алқабында бірінші қазақстандық ғарыштық аппараттарды жерүсті басқару кешені және байланыс мониторингі жүйесі құрылды
«Көктерек» резервтік жерден басқару кешені
2013 жылы 28 маусымда «Алматы» РЖБК құрылысы аяқталды, мемлекеттік қабылдау және кешенді пайдалануға енгізу жүргізілді.

«РҒБО» АҚ құрылғанының 14 жылдығын атап өтті

АСТАНА. ЖЕКЕ АҚПАРАТ. 2014 жылы 18 наурызда «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «РҒБО» АҚ) құрылғанын хабарлайды «Қазақпарат» ХАО тілшісі.

Жексенбі күніне тура келген өзінің 14-ші туған күнін «РҒБО» АҚ жақсы еңбек көрсеткіштерімен қарсы алды.

KazSat байланыс және хабар тарату ғарыштық жүйесін сәтті пайдалану жалғасуда.

2017 жылдың қорытындысы бойынша «KazSat-2» (2011 жылы ұшырылды) және «KazSat-3» (2014 жылы ұшырылды) байланыс және хабар тарату спутниктерінен тұратын «KazSat» жүйесі шетелдік спутниктердің ресурстарын пайдалануды қысқарту есебінен 12 млрд. теңге көлемінде импортты алмастыруды қамтамасыз етті және 5 млрд. теңгеден астам табыс әкелді.

2011 жылдан бастап пайдаланған барлық кезеңде «KazSat» жүйесі шетелдік спутниктердің ресурстарын пайдалануды қысқарту есебінен 34 млрд. теңге көлемінде импортты алмастыруды қамтамасыз етті және 17 млрд. теңгеден астам табыс әкелді.

Компания құрылғаннан бастап басқарып келе жатқан «РҒБО» АҚ президенті Виктор Лефтер 2017 жылдың соңында кәсіпорын табысқа шыққанын хабарлады, яғни табыстылықты қамтамасыз етті.

«РҒБО» АҚ жұмысының үлкен қорытындысының бірі 2017 жылы отандық телевидениені қазақстандық байланыс және хабар таратушы спутникке толықтай көшіру болды.

2023 жылдың соңында «KazSat-2» спутнигінің қызмет ету мерзімі аяқталады, сол себепті «РҒБО» АҚ оны уақытылы алмастыру бойынша жұмыстарды бастап кетті.

Жаңа «KazSat-2R» спутнигінің көмегімен «KazSat-2» арқылы жұмыс жасап тұрған спутниктік байланыс және телерадиохабар тарату желілерінің одан арғы жұмысы қамтамасыз етілетін болады (бұл 4000-нан астам спутниктік байланыс станциялары, 12 байланыс және ТВ операторлары). Сондай-ақ интернет желісіне кең жолақты қолжетімділік қызметтерімен байланыстың жерүсті технологияларымен қамтылмаған ауылдық елді мекендер қамтамасыз етілетін болады.

Бұл жобаны жүзеге асыру «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасында көрсетілгенін Виктор Лефтер атап өтті.

Республикалық ғарыштық байланыс орталығының ұжымы компания үшін маңызды күнді әдеттегідей «Ақкөл» ғарыш аппараттарын жерүсті басқару кешенінің аумағындағы орманда спорттық жарыстармен және белсенді демалыспен атап өтті.

Жарыстың қысқы футбол, пневматикалық қарудан ату, дартс, армрестлинг, гир көтеру, биатлон бойынша бағдарламаларына тек ересектер ғана емес, қызметкерлердің балалары да қатысты.

Сонымен қатар осы күні «РҒБО» АҚ ұжымы көктемнің Наурыз мерекесін қарсы алды.

«РҒБО» АҚ-ны туған күнімен ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Аэроғарыш комитетінің төрағасы Еркін Шаймағамбетов құттықтады, қызметкерлерге жаңа еңбек табыстарын тіледі және жарыс жеңімпаздарына медальдар табыстады.

Айта кететін жайт, спорттық жарыстарда ұжымның көз алдында өскен және өздерінің әкелерінің істерін жалғастыруды – Қазақстанның ғарыштық байланысында бірінші болуды армандайтын қызметкерлердің балалары жеңімпаз болды.

 

«KazSat» ұлттық ғарыштық байланыс жүйесі

 

KAZSAT-2

KAZSAT-3

«Ақкөл» ҒБО

«Көктерек» ҒБО