KAZSAT-2
«KazSat-2» ғарыш аппараты 2011 жылғы 16 шілдеде «Байқоңыр» ғарыш айлағынан геостационарлық орбитаға (ГСО) ұшырылды.
KAZSAT-3
«KazSat-3» ғарыш аппаратын ГСО ұшыру 2014 жылы 28 сәуірде «Байқоңыр» ғарыш айлағынан жүргізілді.
«Ақкөл» жерден басқару кешені
2005 жылғы желтоқсанда Қазақстан Республикасының елордасы Астана қаласына жақын жердегі Ақкөл қаласының көрікті орман алқабында бірінші қазақстандық ғарыштық аппараттарды жерүсті басқару кешені және байланыс мониторингі жүйесі құрылды
«Көктерек» резервтік жерден басқару кешені
2013 жылы 28 маусымда «Алматы» РЖБК құрылысы аяқталды, мемлекеттік қабылдау және кешенді пайдалануға енгізу жүргізілді.

Отан қорғаушы күні және Жеңіс күні

20180511 1

«Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ-да (РҒБО) көптеген жылдардан бері Отан қорғаушы күні мен Жеңіс күнін сап түзеп жүрумен атап өтіп келеді. Барлық қызметкерлер, олардың елеулі бөлігін запастағы кадрлық офицерлер құрайды, осы салтанатты күндері өздерінің әскери және еңбек наградаларын тағады және сап түзеуге шығады. Бұл ретте, осындай шара Астанадағы орталық кеңседе, сонымен қатар «KazSat» ғарыш аппараттарын басқарудың басты орталығы орналасқан Ақкөл қаласында да, сондай-ақ Алматы облысындағы «Көктерек» Ғарыштық байланыс орталығында да (резервтік жерүсті басқару кешені) өткізілетіндігін атап өткен жөн.

20180511 2

20180511 3

РҒБО президенті Виктор Лефтердің басшылығымен РҒБО қызметкерлері бұлжымас дәстүрлерге сәйкес Ақкөл қаласындағы генерал Сағадат Нұрмағамбетовтың ескерткішіне және жауынгер-ауғандықтардың обелискісіне гүл шоқтарын қойды.

20180511 4

«Кәсіптік әскери қызмет атқарған, Ауғанстандағы соғыс жолдарынан өткен запастағы офицерлер мен әскери қызметшілер жұмыс істейтін біздің ұжым үшін барлық қазақстандықтар сияқты Отан қорғаушы күні мен Жеңіс күні - қастерлі мерекелер болып табылады. Біздер әскери түрде сап түзеп, құрмет көрсете отырып жауынгерлерді еске алуды өзіміздің парызымыз деп есептейміз», - дейді РҒБО вице-президенті, запастағы подполковник Бауыржан Құдабаев.

 

«KazSat» ұлттық ғарыштық байланыс жүйесі

 

KAZSAT-2

KAZSAT-3

«Ақкөл» ҒБО

«Көктерек» ҒБО