KAZSAT-2
«KazSat-2» ғарыш аппараты 2011 жылғы 16 шілдеде «Байқоңыр» ғарыш айлағынан геостационарлық орбитаға (ГСО) ұшырылды.
KAZSAT-3
«KazSat-3» ғарыш аппаратын ГСО ұшыру 2014 жылы 28 сәуірде «Байқоңыр» ғарыш айлағынан жүргізілді.
«Ақкөл» жерден басқару кешені
2005 жылғы желтоқсанда Қазақстан Республикасының елордасы Астана қаласына жақын жердегі Ақкөл қаласының көрікті орман алқабында бірінші қазақстандық ғарыштық аппараттарды жерүсті басқару кешені және байланыс мониторингі жүйесі құрылды
«Көктерек» резервтік жерден басқару кешені
2013 жылы 28 маусымда «Алматы» РЖБК құрылысы аяқталды, мемлекеттік қабылдау және кешенді пайдалануға енгізу жүргізілді.

«Көктерек» Ғарыштық байланыс орталығына 5 жыл

«Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ (РҒБО) 2018 жылғы 28 маусымда айтулы күнді атап өтеді. Бұдан 5 жыл бұрын, 2013 жылғы 28 маусымда ғарыштық инфрақұрылымның жаңа объектісі - Алматы облысының «Көктерек» кентімен бірдей атауға ие болған байланыс және хабар тарату ғарыш аппараттарын (ҒА) резервтік жерүсті басқару кешені (РЖБК) пайдалануға қабылданды.

«Көктерек» ғарыштық байланыс орталығы (ҒБО) «KazSat» сериялы ҒА берілген техникалық және баллистикалық сипаттамаларын резервтік басқаруға, бақылауға, ұстап тұруға, қазақстандық байланыс және хабар тарату спутниктерінің пайдалы жүктемесінің мониторингтеуге арналған.

Пайдалануға берілгеннен бастап үш айдан кейін «KazSat-3» жобасы бойынша технологиялық жабдықты қосымша жарақтандыру жүргізілді.

«Көктерек» ҒБО – бұл Ақмола облысында жұмыс істеп тұрған «Ақкөл» негізгі ғарыштық байланыс орталығына ұқсас құрылған қазіргі заманғы технологиялық орталық.

Бүгінгі күні «Көктерек» ҒБО әлеуеті оны мақсаттық бағыты бойынша пайдаланумен қатар, оның инфрақұрылымын өздерінің спутниктік желілерінің үздіксіз және тиімді жұмыс істеуіне мүдделі спутниктік байланыс компанияларына ұсынуға, сондай-ақ перспективалық жобаларды дамытуға да мүмкіндік береді.

«Көктерек» ҒБО базасында спутниктік және жерүсті байланыс желілерінің арасындағы өзара іс-қимылды қамтамасыз ететін Телепорт жұмыс істейді.

Осы айтулы күні «РҒБО» АҚ әріптестеріне «KazSat-2R» ғарыштық байланыс жүйесін жасау мен пайдалануға беру» жобасын ұсынады. KazSat-2R жаңа байланыс және хабар тарату спутнигінің техникалық сипаттамалары мен пайдалану мүмкіндіктері тныстырылатын болады.

Іс-шараларға ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің, ҚР ҚАӨМ Аэроғарыш комитетінің, Алматы облысы әкімдігінің өкілдері, Қазақстанның жетекші ғарыштық байланыс операторлары қатысатын болады.

«РҒБО» АҚ баспасөз қызметі

 

«KazSat» ұлттық ғарыштық байланыс жүйесі

 

KAZSAT-2

KAZSAT-3

«Ақкөл» ҒБО

«Көктерек» ҒБО