KAZSAT-2
«KazSat-2» ғарыш аппараты 2011 жылғы 16 шілдеде «Байқоңыр» ғарыш айлағынан геостационарлық орбитаға (ГСО) ұшырылды.
KAZSAT-3
«KazSat-3» ғарыш аппаратын ГСО ұшыру 2014 жылы 28 сәуірде «Байқоңыр» ғарыш айлағынан жүргізілді.
«Ақкөл» жерден басқару кешені
2005 жылғы желтоқсанда Қазақстан Республикасының елордасы Астана қаласына жақын жердегі Ақкөл қаласының көрікті орман алқабында бірінші қазақстандық ғарыштық аппараттарды жерүсті басқару кешені және байланыс мониторингі жүйесі құрылды
«Көктерек» резервтік жерден басқару кешені
2013 жылы 28 маусымда «Алматы» РЖБК құрылысы аяқталды, мемлекеттік қабылдау және кешенді пайдалануға енгізу жүргізілді.

KazSat спутниктік арнасы Түркістан облысының медициналық пункттерін спутниктік арнамен жарақтандырды

Қазақстан Республикасының ғарыштық байланыс жүйесінің ұлттық операторы болып табылатын «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ (РҒБО) «Қазақтелеком» АҚ-мен бірлесе отырып Түркістан облысының шалғайдағы медициналық пункттеріне Интернет желісіне кең жолақты қолжетімділікті тестілік режимде берді, деп хабарлайды «Қазақпарат» ХАА тілшісі.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің салалық бағдарламаларының шеңберіндегі елді мекендерді цифрландыру бойынша осы жұмыс ортамерзімді перспективада цифрлық технологияларды пайдалану арқылы халықтың өмірінің сапасын жақсарту мақсатында «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жүргізілуде, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметі.

Байланыс арналары «KazSat-3» байланыс спутнигі арқылы ұйымдастырылған және ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйелеріне үздіксіз қолжетімділікті және олардың үздіксіз жұмысын қамтамасыз етеді, деп атап көрсетті «РҒБО» АҚ президенті Виктор Лефтер.

Монтаждауды және баптауды «Қазақтелеком» АҚ жоғары білікті мамандары жүргізген спутниктік абоненттік терминалдар Түркістан облысының Сарыағаш, Созақ және Бәйдібек аудандарының үш елді пунктінде орнатылды.

«Қазақпарат» ХАА-ға Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасының өкілі Ермек Тәжімұрат ұйымдастырылған спутниктік байланыс арнасының арқасында шалғайдағы кенттердегі медициналық пункттер денсаулықтың электрондық паспорттарын жасауға мүмкіндік алғанын әңгімелеп берді. Енді жергілікті тұрғындардың медициналық пунктке барған кезде өздерімен бірге барлық анализдері, ауру тарихы, дәрігерлердің тағайындаулары бар қағаз нұсқадағы амбуулаториялық карталары болуы қажет. Сонымен бірге, учаскелік дәрігер пациентті тікелей аудандық, қалалық, облыстық медицина мекемелеріне консультацияға жібере алады, өйткені бүкіл өңірде дәрігерлердің жұмыс кестесі онлайн режимде қолжетімді болып отыр.

Осының бәрі қағазсыз құжаттамаға көшу есебінен медициналық мекемелердің жұмысының тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді деп атап өтті Е.Тәжімұрат.

Сара Қабиқызы

KAZINFORM.KZ мақаланың түпнұсқасымен танысуға болады.

 

«KazSat» ұлттық ғарыштық байланыс жүйесі

 

KAZSAT-2

KAZSAT-3

«Ақкөл» ҒБО

«Көктерек» ҒБО