KAZSAT-2
«KazSat-2» ғарыш аппараты 2011 жылғы 16 шілдеде «Байқоңыр» ғарыш айлағынан геостационарлық орбитаға (ГСО) ұшырылды.
KAZSAT-3
«KazSat-3» ғарыш аппаратын ГСО ұшыру 2014 жылы 28 сәуірде «Байқоңыр» ғарыш айлағынан жүргізілді.
«Ақкөл» жерден басқару кешені
2005 жылғы желтоқсанда Қазақстан Республикасының елордасы Астана қаласына жақын жердегі Ақкөл қаласының көрікті орман алқабында бірінші қазақстандық ғарыштық аппараттарды жерүсті басқару кешені және байланыс мониторингі жүйесі құрылды
«Көктерек» резервтік жерден басқару кешені
2013 жылы 28 маусымда «Алматы» РЖБК құрылысы аяқталды, мемлекеттік қабылдау және кешенді пайдалануға енгізу жүргізілді.

«РҒБО» АҚ қызметкерлері «Астанаға 20 жыл» мерейтойлық медальдарымен марапатталды»

АСТАНА. МЕНШІКТІ АҚПАРАТ - ҚР Тұңғыш Президенті күні қарсаңында «РҒБО» АҚ-да бірқатар мерекелік іс-шаралар өтті.

20181130 120181130 2

2018 жылғы 29 қарашада «РҒБО» АҚ ұжымымен «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бақыт Сапаров кездесті, ол Астанадағы партия қызметкерлерінің 2018 жылғы жұмысының қорытындылары, еліміздің жетекші партиясының жаңа міндеттері туралы айтып берді.

«Нұр Отан» партиясының астаналық филиалының басшысының орынбасары «РҒБО» АҚ президенті Бауыржан Құдабаевқа, «Ақкөл» ғарыштық байланыс орталығы директорының орынбасары Қайрат Телғаринге және инфрақұрылымдық қамтамасыз ету және қауіпсіздік департаментінің директоры Ибрагим Есеркеповке «Астанаға 20 жыл» мерейтойлық медальдарын табыс етті.

2018 жылғы 30 қарашада «РҒБО» АҚ орталық кеңсесінде Қазақстанның Тұңғыш Президенті күніне арналған салтанатты жиналыс өтті. Өзінің құттықтау сөзінде компания президенті Бауыржан Құдабаев Мемлекет басшысының тәуелсіз Қазақстан Республикасын құрудағы зор рөлін, Ұлт Көшбасшысының елдің ғарыш саласын дамытуға қосқан ерекше үлесін атап өтті.

Салтанатты іс-шараға онлайн бейнеконференция арқылы «Ақкөл» және «Көктерек» ғарыштық байланыс орталықтарының қызметкерлері қатысты.

 

«KazSat» ұлттық ғарыштық байланыс жүйесі

 

KAZSAT-2

KAZSAT-3

«Ақкөл» ҒБО

«Көктерек» ҒБО