KAZSAT-2
«KazSat-2» ғарыш аппараты 2011 жылғы 16 шілдеде «Байқоңыр» ғарыш айлағынан геостационарлық орбитаға (ГСО) ұшырылды.
KAZSAT-3
«KazSat-3» ғарыш аппаратын ГСО ұшыру 2014 жылы 28 сәуірде «Байқоңыр» ғарыш айлағынан жүргізілді.
«Ақкөл» жерден басқару кешені
2005 жылғы желтоқсанда Қазақстан Республикасының елордасы Астана қаласына жақын жердегі Ақкөл қаласының көрікті орман алқабында бірінші қазақстандық ғарыштық аппараттарды жерүсті басқару кешені және байланыс мониторингі жүйесі құрылды
«Көктерек» резервтік жерден басқару кешені
2013 жылы 28 маусымда «Алматы» РЖБК құрылысы аяқталды, мемлекеттік қабылдау және кешенді пайдалануға енгізу жүргізілді.

Қазақстанның ғарыштық байланысына 15 жыл толды

20190228_01

ҚР Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің (ҚР ЦДҚАӨМ) Аэроғарыш комитетінің (АҒК) «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ (РҒБО) БАҚ өкілдері үшін баспасөз-турын өткізді, деп хабарлайды «Қазақпарат» ХАА тілшісі.

«РҒБО» АҚ-ның құрылғанына 15 жыл толуы қарсаңында журналистер KazSat ғарыш аппараттарын жерүсті басқару кешені мен байланыс мониторингі жүйесі орналасқан кәсіпорынның бас объектісі – «Ақкөл» ғарыштық байланыс орталығына келуге шақырылды. «Біздің кәсіпорынға ҚР Үкіметі мен ел Президентінің жеке өзі Қазақстанның ғарыштық байланыс жүйесін құрудың маңызды мемлекеттік міндетін тапсырды. Қаулы 2003 жылдың аяғында шықты, 2004 жылғы 18 наурызда заңды тұлға – «РҒБО» АҚ мемлекеттік тіркеуден өтті. Дәл осы күн компанияның туған күніне айналды", - деді баспасөз-турына қатысушыларға «РҒБО» АҚ басқарма төрағасының кеңесшісі Виктор Лефтер. БАҚ өкілдеріне ғарыш инфрақұрылымының бірегей объектісінің негізгі блоктары - ғарыш аппараттарын ұшуды басқару орталығы (ҰБО) көрсетілді, командалық-өлшеу жүйелерінің радиотехникалық құралдары таныстырылды, журналистер нақты уақыт режімінде байланыс мониторингі жүйесінің және KazSat-2 және KazSat-3 спутниктерінен байланыс және деректерді беру жүйесінің қалай жұмыс істейтінін көрді.

20190228_02

РҒБО басшыларының ақпараты бойынша, бүгінгі күні 2019 жылғы 28 ақпанда «KazSat-2» және «KazSat-З» спутниктік сыйымдылығын жүктеу тиісінше 628,51 МГц (72,7%) және 947,61 МГц (73,1%) құрайды. «KazSat-2» спутнигінің ресурсын жалға беру 12 қазақстандық ұйымға ұсынылды, «KazSat-3» 9 қазақстандық операторды байланыс және хабар тарату қызметтерімен қамтамасыз етеді. Қазақстандық спутниктердің жалпы табысы 2018 жылы 5,4 млрд теңгені құрады. «РҒБО» АҚ ағымдағы жылы бұл сома 6,2 млрд теңгеге дейін артатын болады, деп сендірді. Орталықтың келешегі туралы айта келе, «РҒБО» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Шоқан Свогузов қазіргі таңда топтастықты арттыру және спутниктерді ауыстыру бойынша белсенді жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті. «KazSat-2R» ғарыштық байланыс жүйесін құру және пайдалануға беру жобасы 2011 жылы іске қосылған KazSat-2 спутнигіне резервке қоюға және оны ауыстыруға арналған.

20190228_03

РҒБО-ның қосымша табыс көздері туралы әңгіме қозғалғанда, баспасөз турына қатысушыларға Алматы облысындағы «Көктерек» резервтік ҒБО базасындағы телепорттың қызметтері туралы айтылды. Бүгінгі күні телепорттың қызметін 6 компания табысты пайдаланады, олардың ішінде еліміздің өте ірі операторлары: "ASTEL" АҚ, "TelService Ltd" ЖШС, "AsiaNETCOM" ЖШС, "Алонстелефонстрой" ЖШС, "Алма Телекоммуникейшнс Казахстан" АҚ, "Silk Road Telecom"ЖШС бар. 2019 жылы телепорт қызметтерінен мөлшері кем дегенде 79,3 млн теңге болатын табыс алу жоспарлануда, деп хабарлады «РҒБО» АҚ басшылары.

20190228_04

«РҒБО» АҚ-ның 15 жылдығы - өзінің жердегі ғарыш инфрақұрылымын құрған және өндірістің шығынсыз деңгейіне шыққан Қазақстанның алғашқы кәсіпорны, - деді баспасөз турының соңында «РҒБО» АҚ басқарма төрағасының кеңесшісі Виктор Лефтер. Егер цифрлар тілімен айтатын болсақ, бүгінгі күні Қазақстанның барлық аумағында 1,3 млн абонент спутниктік телерадио хабарларын таратумен қамтамасыз етілген, 293-тен астам спутниктік телерадиоарналар (OTAU TV, CASPIO HD, Alma TV) жұмыс істейді. Қазақстан Республикасының геостационарлық ҒА спутниктік сыйымдылық нарығындағы ғарыштық байланыс жүйесі ұлттық операторының үлесі 100% деңгейінде. Импорт алмастыруды қамтамасыз ету арқылы ел экономикасына қосылған салым 47 млрд-тан астам теңгені құрайды.

20190228_05

«РҒБО» АҚ жоспарында - ғарыштық байланыс қызметтерін көрсетуден түсетін кірістілікті арттыру, халықаралық нарыққа шығу, «Ақкөл» ҒБО және «Көктерек» ҒБО жерүсті инфрақұрылымын одан әрі дамыту, «Цифрлық Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде спутниктік технологияларды қолдана отырып, Интернет желісіне кең жолақты қолжетімділікті қамтамасыз етуге қатысу.

20190228_06

 

«KazSat» ұлттық ғарыштық байланыс жүйесі

 

KAZSAT-2

KAZSAT-3

«Ақкөл» ҒБО

«Көктерек» ҒБО