KAZSAT-2
«KazSat-2» ғарыш аппараты 2011 жылғы 16 шілдеде «Байқоңыр» ғарыш айлағынан геостационарлық орбитаға (ГСО) ұшырылды.
KAZSAT-3
«KazSat-3» ғарыш аппаратын ГСО ұшыру 2014 жылы 28 сәуірде «Байқоңыр» ғарыш айлағынан жүргізілді.
«Ақкөл» жерден басқару кешені
2005 жылғы желтоқсанда Қазақстан Республикасының елордасы Астана қаласына жақын жердегі Ақкөл қаласының көрікті орман алқабында бірінші қазақстандық ғарыштық аппараттарды жерүсті басқару кешені және байланыс мониторингі жүйесі құрылды
«Көктерек» резервтік жерден басқару кешені
2013 жылы 28 маусымда «Алматы» РЖБК құрылысы аяқталды, мемлекеттік қабылдау және кешенді пайдалануға енгізу жүргізілді.

97 жастағы ардагер Қазақстанға ғарыштық батасын берді

20190513_15

Жеңіс күні қарсаңында «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ (РҒБО) өкілдері соғыс ардагері Құрмантай Айтжановтың үйіне барды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

97 жастағы ақсақал бұл күні қонақтарды қарсы алды – ардагерді құттықтауға мектеп оқушылары келді, олар оған өз өлеңдерін оқыды, «Хабар» телеарнасы Құрмантай атадан сұхбат алды, ал «РҒБО» АҚ қызметкерлері оған жаңа сандық есту аппаратын табыс етті.

Құрмантай Айтжанов Ақмола облысының Қорғалжын ауданында туған. «Мен ерте есейдім. Өзім небары 10 жаста болсам да аштық уақыты әлі күнге дейін есімнен кетпейді, әсіресе, өзінің отбасын аштық өлімнен құтқару үшін күні мен түні еңбек еткен әкем есте сақталып қалды. Менің ойымша, мен оған жақсы көмекші болдым», - деп еске алады Құрмантай ата.

Соғыс басталғанда бозбала 19 жасқа толған еді, оны 1942 жылы әскерге шақырғанда, ол бірден майданға аттанады. Төрт ай бойы 8 кавалериялық гвардияда, содан кейін Башқұрстандағы мергендер дивизиясында жауынгерлік дайындықтан өтті. Соғыс қимылдарына қатысу қоршаудағы Ленинградтан басталды. «Ленинградты қорғау үшін алты ай кескілескен соғыс қимылдарына қатыстық, сол кезде біз 90 күн қоршауда болдық және біздің ұшқыштар ұшақтардан лақтырған құрғақ нанды ғана алып, талғажу еттік», - деп әңгімелейді ардагер.

20190513_16

Қазақ жауынгері Айтжановтың майдан жолы жеңісті болды. Ленинград шайқасынан кейін ол маршал Жуковтың әскеріне қосылды және Беларусь, Украина, Польша, Румыния арқылы соғыс жолдарымен өтіп, жауды Эльба өзенінде талқандады.

Құрмантай ата атақты «Катюша» зеңбірегі үшін снарядтар дайындады. Жауынгер Берлинге дейін жетіп, Рейхстагты алудың куәгері және қатысушысы болды.

Соғыс аяқталған соң Құрмантай Айтжанов тағы да бір жыл бойы Берлинді қорғауда болды және ол 1946 жылы ғана елге оралды.

Ардагер бізге өзінің көптеген жауынгерлік және еңбек наградаларын көрсетті, олардың арасында өзіне ерекше қымбат болып табылатын маршал Жуков медалі бар. Ұрыстар кезінде жоғалып кеткен екі Даңқ орденінің куәлігі ғана сақталып қалыпты.

Соғыстан кейін Айтжанов өзінің еңбек жолын темір жолда жалғастырды. 1949 жылы өзінің болашақ жары Бәтеш Садыққызын кездестіріп, екеуі үлкен және тату отбасын құрды. Бес баласы, 12 немересі, 14 шөбересі майдангер әкесінің және атасының даңқты тарихын мақтан тұтады.

Соғыс ардагері Құрмантай Айтжанов 2003 жылы жұбайынан айырылып, 7 жылдан бері мемлекет бөлген бір бөлмелі пәтерде немересімен бірге тұрады. «Жүз жасқа дейін өмір сүруді және әдемі кетуді армандаймын, өз өміріме ризамын», - дейді ақсақал.

Өмірдің қатал сындарынан өтіп 97 жасқа дейін қалай сергек күйіңізде жеттіңіз деген сұраққа ол «Жалқаулыққа салынудың қажеті жоқ, сөздеріңіз бен іс-әрекеттерінізге міндетті болуыңыз керек, еш жағдайда да спирттік ішімдікке әуестенбеген жөн», - деп оң жауап берді.

Ақсақал келген қонақтарға өз батасын берді. Оның батасы барлығына да: жас адамдарға да, кемел саясаткерлерге да, тіпті Мемлекет басшысына да қатысты болды. Ол қазақстандық тудың Марста да тігілуіне тілек білдіріп, Қазғарыштың өкілдеріне оның денсаулығына қамқор болғаны және назар аударғаны үшін алғыс айтуды да ұмытқан жоқ. «Сонда алма ағаштары да гүлдейтін болады!» - деді Құрмантай ата.

KAZINFORM мақаланың түпнұсқасымен танысуға болады.

 

«KazSat» ұлттық ғарыштық байланыс жүйесі

 

KAZSAT-2

KAZSAT-3

«Ақкөл» ҒБО

«Көктерек» ҒБО