KAZSAT-2
«KazSat-2» ғарыш аппараты 2011 жылғы 16 шілдеде «Байқоңыр» ғарыш айлағынан геостационарлық орбитаға (ГСО) ұшырылды.
KAZSAT-3
«KazSat-3» ғарыш аппаратын ГСО ұшыру 2014 жылы 28 сәуірде «Байқоңыр» ғарыш айлағынан жүргізілді.
«Ақкөл» жерден басқару кешені
2005 жылғы желтоқсанда Қазақстан Республикасының елордасы Астана қаласына жақын жердегі Ақкөл қаласының көрікті орман алқабында бірінші қазақстандық ғарыштық аппараттарды жерүсті басқару кешені және байланыс мониторингі жүйесі құрылды
«Көктерек» резервтік жерден басқару кешені
2013 жылы 28 маусымда «Алматы» РЖБК құрылысы аяқталды, мемлекеттік қабылдау және кешенді пайдалануға енгізу жүргізілді.

Қазғарыш делегациясы Қытайдың ғарыш инфрақұрылымының объектілерінде болды

Нұр-Сұлтан. Меншікті ақпарат. Бейжіңде ғарыш саласындағы ынтымақтастық жөніндегі қазақстан-қытай жұмыс тобының екінші отырысы өтті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

20190604_01

Келіссөздер барысында ҚР ЦДҚАӨМ Аэроғарыш комитеті төрағасының орынбасары Мәлік Олжабековтің Қытай ұлттық ғарыш әкімшілігі (ҚҰҒӘ) басшысының орынбасары У Яньхуамен келіссөздері кезінде спутниктік технологияларды пайдалану, ғылыми бағдарламаларды дамыту саласындағы ынтымақтастықтың перспективалық бағыттары талқыланды. Қазғарыш делегациясы Қытай Халық Республикасының (ҚХР) Бейжің қаласындағы ғарыш инфрақұрылымы объектілерінде болды.

ЖҚЗ (CRESDA) спутниктерінен алынған Деректерді өңдеу орталығында делегацияға «Super View» ЖҚЗ спутниктерінің ғарыш түсірілімдері көрсетілді. №5 Аэроғарыш академиясына сапар кезінде қазақстандық делегация қытайлық мамандардың байланыс, навигациялық, ЖҚЗ спутниктерінің құрастыру-сынау жұмыстарын әзірлеу, жасау және өткізу, сондай-ақ Ай бағдарламасы үшін ғарыш аппараттарын жасау жөніндегі жұмыстарымен танысты.

20190604_02

Қытай тарапы қазақстандық делегацияны Айды, Марсты және алыс ғарышты зерттеу бойынша іске асырылып жатқан және жоспарланып отырған миссиялармен таныстырды. Мәлік Олжабековтың айтуынша, тараптар қысқа мерзімді перспективада өзара іс-қимылды жандандыру, қытайлық әріптестермен ғарыш саласындағы ынтымақтастық бойынша бірлескен жұмыстың тиімділігін арттыру бойынша шаралар қабылдау қажеттілігі туралы пікірге келді.

Жұмыс тобы шеңберінде делегация құрамына енген ҚР ЦДҚАӨМ ведомстволық бағынысты ұйымы – «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ (РҒБО) мамандары қытайлық және қазақстандық байланыс спутниктерінің электромагниттік үйлесімділігі мәселесі бойынша CHINA SATCOM компаниясының өкілдерімен кездесу өткізді.

Сондай-ақ, РҒБО және «Ерен қабырға» Қытай өнеркәсіптік корпорациясы (ҚӨП) мамандары спутниктік байланыс саласындағы перспективалы ынтымақтастықтың мүмкіндіктерін талқылады.

20190604_03

 

«KazSat» ұлттық ғарыштық байланыс жүйесі

 

KAZSAT-2

KAZSAT-3

«Ақкөл» ҒБО

«Көктерек» ҒБО