KAZSAT-2
«KazSat-2» ғарыш аппараты 2011 жылғы 16 шілдеде «Байқоңыр» ғарыш айлағынан геостационарлық орбитаға (ГСО) ұшырылды.
KAZSAT-3
«KazSat-3» ғарыш аппаратын ГСО ұшыру 2014 жылы 28 сәуірде «Байқоңыр» ғарыш айлағынан жүргізілді.
«Ақкөл» жерден басқару кешені
2005 жылғы желтоқсанда Қазақстан Республикасының елордасы Астана қаласына жақын жердегі Ақкөл қаласының көрікті орман алқабында бірінші қазақстандық ғарыштық аппараттарды жерүсті басқару кешені және байланыс мониторингі жүйесі құрылды
«Көктерек» резервтік жерден басқару кешені
2013 жылы 28 маусымда «Алматы» РЖБК құрылысы аяқталды, мемлекеттік қабылдау және кешенді пайдалануға енгізу жүргізілді.

«РҒБО» АҚ қызметкерлері «Қазақстанның Құрметті байланысшысы» атағын алды»

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ. Нұр-Сұлтан, 1 шілде. Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің кәсіби мерекесі құрметіне «Үздік байланысшы» белгісімен «РҒБО» АҚ келесі қызметкерлері наградталды:

  • • аппарат басшысы М.Қ. ЖҮЙРІКТАЕВ,
  • • «Ақкөл» ҒБО директоры Қ.Қ. ТЕЛЬГАРИН,
  • • «Ақкөл» ҒБО директорының орынбасары, бас энергетигі Н.Г. ВЕДЕЛЬ,
  • • инженерлік-техникалық қамтамасыз ету басқармасының басшысы А.В. КУЛЕШОВ.

20190710_01

Николай ВЕДЕЛЬГЕ құрмет белгісін ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар ЖҰМАҒАЛИЕВ салтанатты түрде тапсырды. Қалған қызметкерлерге тапсыру ұжымда өтті.

Сонымен қатар, Министрдің Алғыс хаты Қазақстанның ғарыштық байланысының ардагері, «РҒБО» АҚ Басқарма Төрағасының кеңесшісі Виктор ЛЕФТЕРГЕ берілді.

«РҒБО» АҚ ұжымы әріптестерін лайықты марапаттарымен құттықтайды және жаңа табыстар мен бақ-береке тілейді!

2019 жылғы 28 маусымнан бастап, бұрын байланыс және ақпарат қызметкерлері күні ретінде жарияланған осы мереке енді бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күні деген жаңа мәртебеге ие болғанын атап өту қажет.

2020 жылдан бастап байланыс және ақпараттандыру қызметкерлерінің күні 17 мамырда атап өтілетін болады.

Енді мереке күндерінің ресми қазақстандық тізбесіне екі мереке қосылды: 17 мамыр - байланыс және ақпараттандыру қызметкерлері күні, 28 маусым -бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні. ҚР Үкіметінің қаулысы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап - 2019 жылғы 25 маусымда қолданысқа енгізілді.

«РҒБО» АҚ баспасөз қызметі

 

«KazSat» ұлттық ғарыштық байланыс жүйесі

 

KAZSAT-2

KAZSAT-3

«Ақкөл» ҒБО

«Көктерек» ҒБО