ҚР Парламенті Мәжілісінің, Ақмола облыстық мәслихатының және «Нұр Отан» партиясының өкілдері Ақкөл қ. ғарыш аппараттарын жерүсті басқару кешеніне барды
2017 жылғы 6 қаңтарда Ақкөл қ. ғарыш аппараттарын жерүсті басқару кешені мен байланыс мониторингі жүйесіне («Ақкөл» ЖБК) Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты, Экономикалық реформа және аймақтық даму жөніндегі комитетінің мүшесі, «Нұр Отан» партиясының мүшесі - Ахметов Сапар Қайратұлы, «Нұр Отан» партиясының Ақкөл аудандық филиалының төрағасының бірінші орынбасары - Өмірбаев Бауыржан Досанұлы және Ақмола облыстық мәслихатының депутаты - Симчук Валерий Николаевич сапармен келді.
Сапар барысында «Ақкөл» ЖБК бойынша таныстыру экскурсиясы өткізілді. Қонақтар «РҒБО» АҚ қызметімен, ұшуларды басқару және «KazSat-2» және «KazSat-3» ғарыш аппараттарының мониторингі орталықтарымен, «Ақкөл» ЖБК техникалық жабдықталуымен, кешеннің барлық бөлімшелерінің жұмысымен және «РҒБО» АҚ мамандарының кәсіби даярлық деңгейімен танысты.
Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаттарының еңбек ұжымдарымен және қоғаммен кездесулері, өндірістік және әлеуметтік-мәдени кәсіпорындар мен мекемелерге баруы сайлаушылармен кездесу шеңберінде 2017 жылғы қаңтардың 4-інен 13-і бойынша өтуде.