KAZSAT-2
«KazSat-2» ғарыш аппараты 2011 жылғы 16 шілдеде «Байқоңыр» ғарыш айлағынан геостационарлық орбитаға (ГСО) ұшырылды.
KAZSAT-3
«KazSat-3» ғарыш аппаратын ГСО ұшыру 2014 жылы 28 сәуірде «Байқоңыр» ғарыш айлағынан жүргізілді.
«Ақкөл» жерден басқару кешені
2005 жылғы желтоқсанда Қазақстан Республикасының елордасы Астана қаласына жақын жердегі Ақкөл қаласының көрікті орман алқабында бірінші қазақстандық ғарыштық аппараттарды жерүсті басқару кешені және байланыс мониторингі жүйесі құрылды
«Көктерек» резервтік жерден басқару кешені
2013 жылы 28 маусымда «Алматы» РЖБК құрылысы аяқталды, мемлекеттік қабылдау және кешенді пайдалануға енгізу жүргізілді.

 

Орта мектеп оқушылары «Ақкөл» ғарыштық байланыс орталығында болды

2017 жылғы 13 қаңтарда Родина ауылының «Целиноград ауданының № 33 ОМ» оқушылары үшін «Ақкөл» ғарыштық байланыс орталығына («Ақкөл» ҒБО) экскурсия ұйымдастырылды.

Қазақстан Республикасының ғарыштық қызметін жас ұрпақ арасында дәріптеу мақсатында экскурсия ұйымдастырушысы «Целиноград ауданының «Родина» ауылдық округінің әкімінің аппараты» ММ болып табылады.

«Ақкөл» ҒБО бару жас буынға Қазақстан Республикасындағы ғарыштық байланыстың даму тарихымен және жалпы ғарыш саласымен танысуға мүмкіндік берді.

Экскурсияға қатысушылар байланыс технологиясы жұмысының негізгі принциптерімен, орталықтың жоғары технологиялық жабдықтауларымен танысып, байланыс және хабар тарататын ғарыш аппараттары туралы, олардың арналымы туралы бағдар алып, «KazSat» сериялы спутниктік байланыс аппараттарының ұшуын басқарудың негізгі принциптерін көрді.

«Ақкөл» ҒБО директоры Шоқан Ғалиханұлы Свогузов атап өтті:

«Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында телекоммуникациялық және ғарыштық саланың, байланыс саласының дамуын, сондай-ақ елдің жалпы экономикалық өсуін қамтамасыз ету үшін қажетті техникалық және инженерлік мамандықтарға сұраныс өсуде. Соған байланысты «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ жас ұрпақтың техникалық ғылымдарға қызығушылығын тәрбиелеуге және инженерлік мамандықтарды таңдауға ынталандыруға үлкен назар аударады».

  

 

 

«KazSat» ұлттық ғарыштық байланыс жүйесі

 

KAZSAT-2

KAZSAT-3

«Ақкөл» ҒБО

«Көктерек» ҒБО