«Республикалық ғарыштық

байланыс орталығы»  АҚ

бұйрығымен бекітілді

2012жылғы « 5 » қазан  № 150-П

 

 «КazSat» сериялы ғарыш аппараттарының транспондерлері

арқылы ұйымдастырылатын  байланыс және хабар тарату спутниктік арналарын пайдалану

қағидалары

  

1 бөлім. Жалпы ережелер

  1. Осы Қағидалар арналарды техникалық сүйемелдеу, сынақтамадан өткізу және оларды пайдалану, сондай-ақ ғарыш аппараттарының транспондерлерін беру бойынша шарттарды әзірлеу және жасасу кезеңдерінде Ғарыш жүйесінің ұлттық операторымен өзара қарым-қатынас кезінде  Ғарыш жүйесінің  ұлттық операторы  басшылыққа алатын «КazSat» сериялы ғарыш аппараттарының транспондерлері арқылы ұйымдастырылатын байланыс және хабар тарату спутниктерінің арналарын пайдалану тәртібін (бұдан әрі – Қағидалар) белгілейді.

Осы Қағидаларда келесі ұғымдар пайдаланылады:

Ғарыш жүйесінің ұлттық операторы Ғарыш жүйесінің  ұлттық операторы (бұдан әрі – Ұлттық оператор) – «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ;

Өтініш беруші – Ұлттық оператордың атына транспондерді жалдауға өтініммен жүгінген жеке немесе заңды тұлға;

Жалға алушы – ғарыш аппараттарының транспондерлерін беру бойынша шарт жасалған тұлға.

Мониторингті басқару орталығы – Ұлттық оператордың спутниктік ресурсты техникалық сүйемелдеуді және бақылауды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі;

БҚТК - Борттық қайта тарату телекоммуникациялық кешені;

СБЖС – Спутниктік байланыстың жер станциялары;

БИСҚ  - Баламалы изотропты сәуле шығару қуаты.

Қаулы – «Жеке және (немесе) заңды тұлғаларға ғарыш аппараттары транспондерлерін ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 20 сәуірдегі № 504 қаулысы.

2. Техникалық  талаптар – Қаулыға сәйкес жасалған және «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ Президентінің 2012 жылғы 31 тамыздағы 124-п. № 124-п бұйрығымен бекітілген спутниктік байланыстың жер станцияларының ғарыш аппаратына қолжетімділігінің техникалық талаптары.

 

3. Ұлттық оператор қызметін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес, сондай-ақ байланыс және хабар тарату  ғарыш аппараттарын пайдалануға және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін жерүсті инфрақұрылымын пайдалануға мемлекеттік лицензия негізінде жүзеге асырады.

4. Осы Қағидалар Ұлттық оператордың Өтініш берушімен өзара қарым-қатынасының барлық кезеңдерінде, соның ішінде, Техникалық талаптармен регламенттелетін СБЖС ғарыш сегментіне рұқсатты қоспағанда, шарттарды әзірлеу мен жасасу кезеңдерінде басшылыққа алатын құжат ретінде қолданылады.

5. Осы қағидалардың талаптары  Ұлттық оператор  үшін, сондай-ақ егер бұл онымен жасалған спутниктік сыйымдылықты жалға алу шартында ескертілген жағдайда, Өтініш беруші үшін де міндетті болып табылады.

2 бөлім. Шарттарды немесе уақытша өтінімдерді  әзірлеу кезіндегі Өтініш берушілермен өзара қарым-қатынас

 

6. Өтініш берушінің және Ұлттық оператордың өзара іс-қимылы Қаулыға сәйкес Өтініш беруші өтінім бергенге дейін алдын ала консультациялар жүргізуден басталады.

Консультацияның мақсаты Өтініш берушінің ғарыштық сегменттің қажетті сыйымдылығына қажеттіліктерін анықтау және  тиісті шартты немесе Сервис-форманы әзірлеу болып табылады.

Техникалық сипаттағы мәселелер бойынша Өтініш беруші Ұлттық оператордың Мониторингті басқару орталығына жүгінеді, шарттың  жағдайларына, қызметтерді көрсету құнына  қатысты мәселелер және басқалары бойынша Өтініш беруші Ұлттық оператордың Өткізу және маркетинг басқармасына жүгінеді.

7.  Сервис-форма Өтініш берушінің  өтінімі бойынша коммерциялық негізде қысқа мерзімді жалға алуын растайтын құжат болып табылады және Өтініш беруші Сервис-формада белгіленген мерзімге жалға алатын және ақысын төлейтін Транспондерлік сыйымдылықты қысқа мерзімге жалға беруге жасалатын жеке келісім болып есептеледі. Әрбір Сервис-форма Сервис-формаға қосымшада белгіленетін Ұлттық оператор жалға беретін транспондерлік сыйымдылықтың техникалық сипаттамасынан тұрады. Сервис-формада көрсетілген қызметтер құны Тараптармен келісіледі.

Сервис-форма Ұлттық оператордың сайтында орналастырылады. Қысқа мерзімді жалға алуға өтінім беру кезінде Өтініш беруші өз тарапынан қол қойылған Сервис-форманың данасын қоса тіркейді.

8. Өтініш беруші алдын ала консультациялардың нәтижелерін пайдалана отырып Қаулыда белгіленген рәсімдерге сәйкес  транспондерлерді немесе транспондерлердің сыйымдылығын  жалға алу бойынша қызметтер көрсетуге өтінім әзірлейді.

Өтініш берушінің өтінімінің негізінде Ұлттық оператор байланыстың спутниктің желілерінің алдын-ала есебін жүргізеді, олардың қорытындысы бойынша Өтініш берушінің мекенжайына «KazSat»  сериялы спутниктердің ресурсынан жиіліктік ресурсты бөлу туралы жазбаша растауды жібереді.

Ұлттық оператор Өтініш берушімен келісім бойынша тараптар  келіскен мерзімге жиіліктік ресурсты резервте ұстайды. Резервте ұстау тараптардың уағдаластығы бойынша коммерциялық негізде жүзеге асырылады.

9.  Егер Өтініш беруші  осы сәтте Жерүсті басқару кешенінің (бұдан әрі – ЖБК) Мониторингті басқару орталығының (бұдан әрі – МБО) есептеу кешенінің дерек қорында жоқ модуляция түрлері мен сигналдар кодаламаларын пайдаланатын болса Өтініш беруші алып отырған жолақты есептеуді өзі жүргізуі және нәтижелерін МБО-ға  беруі мүмкін. Өтініш беруші 1 қосымшаға сәйкес СБЖС параметрлері бойынша толық ақпарат береді. Өз кезегінде МБО  Өтініш берушінің  сигналдарының берілген ақпаратқа (*МБО модуляцияларының түрлері мен сигналдарының  кодаламаларының дерек қоры 2 қосымшада келтірілген) сәйкестігіне өлшеу жүргізеді.

«Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 15 бабына  сәйкес спутниктік байланыс және хабар тарату операторлары жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдарға операторлардың спутниктік байланыс желілерінде арнаулы жедел-іздестіру  шараларын өткізу бойынша  ұйымдастырушылық және техникалық мүмкіндіктерді және абоненттер туралы қызметтік ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз етуге  міндеттенеді.

3. Техникалық сүйемелдеуді ұйымдастыру

10.  «KazSatт» сериялы ғарыш аппараттарының транспондерлері арқылы ұйымдастырылған байланыстың спутниктік арналарын пайдалануға  берумен байланысты  барлық техникалық жұмыстарды Өтініш беруші өзара іс-қимыл жасауы тиіс МБО бақылайды.

11. Байланыстың спутниктік арналарын пайдалануға беру үшін Өтініш беруші мен Ұлттық операторда келесі құжаттардың болуы негіз болып табылады:

-       жалға алу шарты;

-       спутниктік күрежолдың ерекшеліктері;

-    СБЖС-тің қолжетімділікке рұқсаты;

-       СБЖС паспорттары.

12. Байланыстың арналарының жұмысын техникалық сүйемелдеу мен жиіліктік-энергетикалық ресурсты бақылауды МБО жүзеге асырады. Техникалық сүйемелдеуге берілетін ресурсты (техникалық консультациялар, тосын жағдайларды анықтау, оқшаулау және қорғану және т..с.с.) пайдалану барысында туындайтын жедел мәселелерді шешу кіреді. Жиіліктік-энергетикалық ресурсты  бақылау есептеу режиміндегі транспондерлердің жұмыс режимін қамтамасыз ету болып табылады.

13. Өтініш берушімен өзара іс-қимыл кезінде БҚТК жұмысының талап етілетін режимдерін орнату және оларды тексеру МБО күшімен және құралдарымен қамтамасыз етіледі.

14. Транспондердің бөлігін іске қосу кезінде егер транспондердің басқа бөлігі осыған дейін басқа Өтініш берушінің пайдалануында болса, әдетте транспондердің  іске қосылатын бөлігі  транспондер үшін бұрын белгіленген параметрлерді мұрагерлікке алады. Транспондердің белгіленген параметрлерінің өзгертілуін Өтінім бойынша МБО есептейді және транспондердің ресурсын пайдаланатын барлық Жалға алушылармен келіседі. Сол транспондерді пайдаланатын Жалға алушылар келіспеген жағдайда транспондерлердің параметрлері  бұрынғы күйінде қалады.

15. Транспондерлердің жиіліктік-энергетикалық ресурсын пайдалану кезіндегі  жиіліктік жоспардағы барлық ағымдағы өзгерістер туралы Өтініш беруші МБО-ға жаңартылған жиіліктік жоспарды  ерте, ағымдағы өзгерістер басталғанға дейінгі 3 жұмыс күнінен кешіктірмей беру арқылы міндетті түрде хабарлайды.

4. Спутниктік арналарды сынақтамадан өткізу 

16. Өтініш берумен жалға алу шартын жасағанға дейінгі кезеңде ғарыш аппаратының транспондерлері арқылы ұйымдастырылатын спутниктік арнаны сынақтамадан өткізу жүргізілуі мүмкін. Сынақтамадан өткізу Өтініш берушінің өтініші бойынша сынақтама шарты негізінде жүргізіледі.СБЖС сынақтамадан өткізу кезеңі  7 күннен аспауы тиіс. Жекелеген жағдайларда  Жалға алушының жазбаша келісімі бойынша  сынақтамадан өткізу кезеңі ұзартылуы мүмкін. Сынақтамадан өткізу кезінде  станциялардың саны  төрттен аспауы тиіс. Сынақтама аяқталғаннан кейін Өтініш беруші  сынақтамалар хаттамасын толтырады және Ұлттық операторға жібереді.

17. Сынақтамада өткізілетін спутниктік арналар стационарлық, ұтқыр және жылжымалы спутниктік станцияларды пайдалана отырып ұйымдастырылуы мүмкін. Өтініш берушінің СБЖС сынақтамадан өткізу МБО рұқсаты бойынша және МБО операторының басшылығымен жүргізіледі.

Тікелей спутникке шығар алдында Өтініш берушінің СБЖС техникалық қызметкерлер құрамы қабылдау және тарату  жабдығын тексеруі, спутникке бағыттау координаттарын анықтауы және станцияның антенналарын маяк бойынша немесе МБО мониторинг станциясының бақылаудағы модульденген тасымалдаушысы бойынша дәл бағыттауды жүргізуі, сондай-ақ сынау сигналдарының жұмыстық үйектелуін және жиіліктерін таратуға және қабылдауға тексеруі тиіс. Өтініш берушінің СБЖС спутникке қуатты сәуле шығару режимінде спутникке бастапқы шығуы кезінде Өтініш берушінің техникалық қызметкерлер құрамы келесі тәртіпті ұстануы тиіс:

  1. СБЖС антеннасының спутникке бағытталуының дәлдігіне көз жеткізу;
  2. БҚТК-ден жиіліктер жолағын өлшеу үшін бөлінген керексіз сигналдарды қабылдаудың жоқтығына көз жеткізу;
  3. МБО операторымен жалпы пайдалану арнасы немесе байланыстың қызметтік  бөлінген арнасы бойынша қызметтік байланыс орнату;
  4. МБО операторының командасы бойынша сынау сигналының тасымалдаушысының қажетті жиілігін және БИСҚ орнату.
  5. Таратқышты МБО операторының командасымен ғана  және бастапқы сәтте БИСҚ белгіленген номиналынан 10 дБ  төмен деңгейде  қосу;
  6. Сигналдың жиілігін және қуатын, таратқыштан шығатын жердегі жанама және жолақтан тыс сәуле шығаруларды бақылау;
  7. МБО операторының бақылауымен БИСҚ тасымалдаушының номиналдық мәнін белгілеу;
  8. Өлшеулер аяқталғаннан кейін СБЖС таратқышын  ажырату.

Өтініш берушінің техникалық қызметкерлер құрамы сынаулардың хаттамасын ресімдеу үшін МБО операторына келесі деректерді хабарлайды:

- СБЖС бойынша жалпы деректер – станцияның сәйкестендіру нөмірі және орналасқан жері.

-  СБЖС техникалық сипаттамалары.

 5. Байланыстың спутниктік арналарын пайдалану

 18. Спутниктік арналарды пайдалану Жалға алушы мен МБО техникалық қызметтерінің арасындағы тұрақты ақпараттық өзара іс-қимыл негізінде жүзеге асырылады.

19. Ұлттық оператор Жалға алушының спутниктік байланыс желісінің немесе спутниктік арналарының жұмысының обьективтік себептер бойынша нашарлауы мүмкін  болатын кезде Жалға алушыға кем дегенде екі апта бұрын күн интерференциясы кезеңдерінің жоспар-кестесін  жібереді.

20. МБО операторы Жалға алушының жедел-техникалық қызметін объективті себептер бойынша (метеожағдайлар, жабдықтағы шұғыл жұмыстар және т.б.) осы жұмыстарды жүргізу мүмкін еместігіне байланысты спутниктік арналар мониторингін және СБЖС  қолжетімділікке рұқсат беруді жүргізудің тоқтатылатындығы туралы кем дегенде 1 сағат бұрын хабардар етуі тиіс.

21. Ұлттық оператор байланыстың ұйымдастырылған арналарының үзілісін талап ететін спутникпен жоспарлы жұмыстарды жүргізу туралы  Жалға алушыларға  алдын ала кем дегенде 2 апта бұрын хабарлайды.

22.  Спутниктік арналардың жұмысында үзілісті талап ететін спутникте шұғыл жоспардан тыс жұмыстар жүргізу туралы МБО операторы Жалға алушыға  осы жұмыстар басталғанға дейін кем дегенде 2 сағат бұрын хабарлайды.

23. Байланыстың үзілуімен байланысты ҒА-да туындаған тосын оқиғалар кезінде МБО операторлары Жалға алушыларды  апат және апаттық-қалпына келтіру жұмыстарының аяқталу мерзімдері туралы хабардар етеді.

24.  МБО мониторингінің деректері бойынша Жалға алушының жабдығының  жұмыс режимі  шарттың  және осы Регламенттің талаптарын қанағаттандырмаған немесе басқа Жалға алушылардың жұмысына жол беруге болмайтын бөгеуілдер туғызған жағдайларда  Ұлттық оператор  бұл жөнінде дереу Жалға алушыға хабар береді, Жалға алушы  басқа Жалға алушылардың  жұмысына бөгеуілдерді болдырмау мақсатында техникалық кемшіліктерді жою бойынша қажетті шараларды дереу алуға міндетті. Ұлттық оператордың Жалға алушы  техникалық кемшіліктерді жойғанға дейін осы  Жалға алушыға қызметтер көрсетуді  тоқтата тұруға құқығы  бар.

25. Жалға алушының техникалық қызметі МБО-ға байланыстың үзілісімен байланысты СБЖС желісіндегі жоспарлы алдын алу жұмыстарының жүргізілуі туралы дер кезінде, кем дегенде бір апта бұрын  және жоспардан тыс алдын алу жұмыстары кезінде кем дегенде 1 сағат бұрын хабарлайды.

26.  Кез келген байланыстың болмауы кезінде ажырап қалған СБЖС аппаратурасындағы шұғыл апаттық-қалпына келтіру жұмыстарын  жүргізу кезінде Жалға алушы  МБО-ны алда істелетін жұмыстар туралы дер  кезінде ескертеді және  СБЖС жөндеу үшін жиіліктерді келіседі, содан кейін антенналық жүйенің кроссполяризациялық шешілісін бұрын бөлінген және МБО-мен алдын ала келісілген жиіліктерге максимум  бойынша таратуға өз бетімен бұрады. Қызметтік байланыс қалпына келтірілгеннен кейін Жалға алушы МБО қызметкерлерінің көмегімен осы параметрді бақылау үшін өлшеуді  және СБЖС-ге қайтадан рұқсат беруді  жүргізеді.

27. Жалға алушы байланыстың спутниктік арналарының параметрлерінің  нормадан ауытқығанын, соның ішінде  байланыс сапасын нашарлататын немесе оны мүмкін емес ететін бөгеуілдердің пайда болғанын анықтаған  жағдайларда  Жалға алушы  бұл жөнінде МБО-ға дереу хабар (факспен) жібереді. МБО толық мониторинг негізінде  бөгеуілдердің кедергі келтіру дәрежесін анықтайды және  даулы жағдайды жоюға бағытталған шаралар алады.

28. Спутниктік байланыс және хабар тарату операторлары транспондерлер жолағында  бөгеуілдерді іздеуге және жоюға ықпал етуі тиіс.

29. Транспондерде шығу көзі белгісіз жол беруге болмайтын бөгеуілдер пайда болған жағдайда Жалға алушы Ұлттық оператордың өтініші бойынша бөгеуілдердің көзін табу бойынша  қажетті техникалық және әкімшілік шараларды жүргізу үшін СБЖС таратқышын аз ғана уақытқа ажыратып тастайды. Жалға алушының СБЖС таратқышы ажыратылып қалған жағдайда МБО операторы жалға алушының талап етуі бойынша 24 сағат ішінде  растайтын куәландырылған құжатты (транспондердегі бөгеуілдердің спектрограммаларының басылмасын)  береді.

30. МБО техникалық қызметі спутниктік желілердегі бөгеуілдер көздерін іздеу кезінде бос жиіліктік ресурс болған жағдайда, Жалға алушымен келісім бойынша арналарды аудару үшін бос диапазондарды уақытша  береді.

31. Спутниктік арналарды пайдалану кезінде Жалға алушы  СБЖС пайдаланудың барлық қажетті нормалары мен талаптарын қамтамасыз етеді.

 6. Байланыс және хабар тарату спутниктік арналарын бақылау 

32. БҚТК транспондерлерінде ұйымдастырылған спутниктік арналарды жалпы бақылау МБО техникалық құралдарының көмегімен жүзеге асырылады.

33. Ұлттық оператордан бұрын ғарыштық сегментке  рұқсат алған ұтқыр және жылжымалы спутниктік станциялар әрбір хабар таратар алдында міндетті түрде МБО операторының бақылауымен сынақтамадан өтеді. Тікелей тасымалдаушыны хабар тарату үшін қосар алдында  ұтқыр (жылжымалы) станцияның операторы  МБО операторына хабар таратудың басталғаны туралы  телефон байланысы арқылы хабарлайды.

34. Ұлттық оператор Жалға алушының өтініші бойынша  тиісті шарт жасасу арқылы Жалға алушыға бөлінген транспондердің арналарына үздіксіз автоматтандырылған мониторингті ұйымдастыру мүмкіндігін қарастыра алады.

Бақыланатын параметрлер қатарына жатады:

-       жоғарыжиілікті параметрлер;

-       цифрлық параметрлер: ақпараттық жылдамдық, символдық жылдамдық, модуляцияның Eb/N0 түрі, бөгеуілге орнықты кода параметрлері.

 

«KazSat» ұлттық ғарыштық байланыс жүйесі

 

KAZSAT-2

KAZSAT-3

«Ақкөл» ҒБО

«Көктерек» ҒБО