Қазақстан Республикасы   
Инвестициялар және даму  
министрінің міндетін атқарушының
2015 жылғы 29 сәуірдегі  
№ 524 бұйрығымен бекітілді

Жеке және (немесе) заңды тұлғаларға ғарыш аппараттары
транспондерлерін ұсыну қағидалары

 

Мазмұны:

1. Жалпы ережелер

2. Жеке және (немесе) заңды тұлғаларға транспондерлердi ұсыну тәртiбi

Қосымшалар

1 қосымша [ақпарат алу doc] [ақпарат алу zip]

2 қосымша [ақпарат алу doc] [ақпарат алу zip]

3 қосымша [ақпарат алу doc] [ақпарат алу zip]

4 қосымша [ақпарат алу doc] [ақпарат алу zip]

Қазақстан Республикасы   
Инвестициялар және даму  
министрінің міндетін атқарушының
2015 жылғы 29 сәуірдегі  
№ 524 бұйрығымен бекітілді

Жеке және (немесе) заңды тұлғаларға ғарыш аппараттары
транспондерлерін ұсыну қағидалары

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Жеке және (немесе) заңды тұлғаларға ғарыш аппараттары транспондерлерін ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Ғарыш қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 9-бабының 1-тармағының 19) тармақшасына сәйкес әзірленді және жеке және (немесе) заңды тұлғаларға ғарыш аппараттары транспондерлерін ұсыну бойынша қызметтер көрсету тәртібін айқындайды.
2. Қағидалардың қолданылу аясы әлеуметтік-экономикалық бағыттағы ғарыш аппараттары транспондерлерін ұсыну бойынша қызметтер көрсетумен байланысты құқықтық қатынастары.
3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) ғарыш аппараты транспондерінің сыйымдылығы – транспондерлердің жиілік-энергетикалық ресурсы;
2) ғарыш аппараты – ғарыш кеңістігін пайдалану мақсатында ғарыш кеңістігіне шығаруға арналған техникалық құрылғы;
3) ғарыш аппаратының транспондері (бұдан әрі – транспондерлер) – ғарыш аппаратына орнатылған және Жер–ғарыш–Жер сигналдарын қайта таратуға арналған радиохабар тарататын құрылғылар жиынтығы;
4) ғарыштық байланыс жүйесінің ұлттық операторы – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, ғарыштық байланыс жүйесін техникалық пайдалануды қамтамасыз ететін және жеке және (немесе) заңды тұлғаларға транспондерлерді ұсыну бойынша қызметтер көрсететін ұйым;
5) спутниктік байланыстың жер станциясы – Жердің бетінде орналасқан және бір немесе бірнеше ғарыш аппараттарымен немесе бір немесе бірнеше қайталайтын ғарыш аппараттарының көмегі арқылы осыған ұқсас жер станцияларымен немесе ғарыштағы басқа да объектілермен байланысты жүзеге асыруға арналған станция;
6) спутниктік байланыстың жер станциясының ғарыш аппаратына қолжетімділігі – ғарыштық байланыс жүйесінің ұлттық операторы беретін, спутниктік байланыстың жер станцияларының транспондерлерге қосылуының техникалық мүмкіндігін растайтын құжат.

 

2. Жеке және (немесе) заңды тұлғаларға транспондерлердi ұсыну тәртiбi

 

4. Транспондерлердi жалға алу үшiн жеке және (немесе) заңды тұлғалар (бұдан әрi – өтiнiш берушi) ғарыштық байланыс жүйесiнiң ұлттық операторына (бұдан әрi – ұлттық оператор) осы қағидалардың 1-қосымшасына [ақпарат алу doc] [ақпарат алу zip] сәйкес нысан бойынша өтiнiш бередi.

Өтiнiмге мыналар қоса берiледi:

1) осы қағидалардың 2-қосымшасына [ақпарат алу doc] [ақпарат алу zip] сәйкес айлар бөлiнiсiндегi транспондерлердi жүктеу кестесi;

2) осы қағидалардың 3-қосымшасына [ақпарат алу doc] [ақпарат алу zip] сәйкес ұйымдастырылатын спутниктiк байланыс арналарының параметрлерi;

3) осы қағидалардың 4-қосымшасына [ақпарат алу doc] [ақпарат алу zip] сәйкес пайдалануға жоспарланып отырған спутниктiк байланыстың жер станцияларының тiзбесi.

5. Ұлттық оператор ұсынылған құжаттарды қарайды және қарау нәтижелері бойынша өтінім берушіні транспондерлерді ұсыну бойынша қызметтер көрсету мүмкіндіктері туралы хабардар етеді немесе дәлелді бас тартуды құжаттар ұсынылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде жазбаша түрде жібереді.
     6. Ұлттық оператор мынадай жағдайларда транспондерлерді ұсыну бойынша қызметтер көрсетуден:
      1) өтініш беруші ғарыш аппараттары транспондерлерін ұсыну бойынша қызметтер көрсету үшін қажетті құжаттардың толық емес топтамасын ұсынса;
      2) транспондерлер бос болмаса немесе резервтелген болса;
      3) транспондерлерді ұсыну бойынша қызметтер көрсетудің техникалық мүмкіндігі болмағанда бас тартады.
     7. Транспондерлерді ұсыну бойынша қызметтер көрсету мүмкіндігі туралы хабардар еткенде осы қызметтерге үлгілік шарттың жобасы қоса беріледі. Транспондерлерді ұсыну бойынша қызметтерді көрсету шартына хабарлама жіберілген сәттен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде қол қойылады.
     8. Транспондерлерді ұсыну бойынша қызметтерді көрсету шартына қол қойылғаннан кейін өтініш беруші ғарыш аппаратына спутниктік байланыстың жер станцияларының қолжетімділігін алуы тиіс.
     9. Ғарыш аппаратына спутниктік байланыстың жер станцияларының қолжетімділігінің техникалық талаптарын ұлттық оператор айқындайды және өзіне спутниктік байланыстың жер станцияларын сынауды қамтиды.

Қосымшалар

1 қосымша [ақпарат алу doc] [ақпарат алу zip]

2 қосымша [ақпарат алу doc] [ақпарат алу zip]

3 қосымша [ақпарат алу doc] [ақпарат алу zip]

4 қосымша [ақпарат алу doc] [ақпарат алу zip]

 

«KazSat» ұлттық ғарыштық байланыс жүйесі

 

KAZSAT-2

KAZSAT-3

«Ақкөл» ҒБО

«Көктерек» ҒБО