«Республикалық ғарыштық

байланыс орталығы»  АҚ

бұйрығымен бекітілді

2012 жылғы «31» тамыз № 124-п

 

«KazSat» сериялы ғарыш аппаратына спутниктік байланыстың жердегі

станцияларының қолжетімділігінің Техникалық талаптары

 

1 Тарау. Жалпы ережелер

2 Тарау. Ғарыш сегментіне қолжетімділікті ұйымдастыру барысында Өтініш берушімен өзара іс-әрекет

3 Тарау. Өтініш берушінің СБЖС сынау жүргізу тәртібі

§ 1. Сынаудың бірінші кезеңі

§ 2. Сынаудың екінші кезеңі

§3. МБО қатысуымен СБЖС өлшенетін параметрлерінің және сипаттамаларының тізбесі

§4. СБЖС спутникке алғашқы шығуы

§5. Өлшеулер нәтижелерін рәсімдеу/a>

4 Тарау. СБЖС параметрлерін өлшеу

§1. БИСҚ сигналының жиілігін қолдау тұрақтылығы

§2. Өтініш берушінің СБЖС антеннасының таратуға бағытталу диаграммасын өлшеу

§3 Өтініш берушінің СБЖС антеннасының қабылдауға БД өлшеу

§4. Өтініш берушінің СБЖС антеннасының таратуға кросс-поляризациялық түйінін өлшеу

§5. Өтініш берушінің қабылдауға СБЖС антеннасының кросс-поляризациялық шешімін өлшеу

«KazSat» сериялы ғарыш аппаратына спутниктік байланыстың жердегі

станцияларының қолжетімділігінің Техникалық талаптары

 

1 Тарау. Жалпы ережелер

 

«KazSat» сериялы ғарыш аппаратына спутниктік байланыстың жердегі станцияларының қолжетімділігінің осы Техникалық талаптары (бұдан әрі – Техникалық талаптар) техникалық пайдалануын және транпондерлерін жалға беру бойынша қызметтерді көрсетуді ғарыштық байланыс жүйесінің ұлттық операторы қамтамасыз ететін «KazSat» сериялы ғарыш аппаратына спутниктік байланыстың жердегі станцияларының (бұдан әрі – СБЖС) қолжетімділік тәртібін айқындайды.

1. Бұл Техникалық талаптарда келесі түсініктер қолданылады:

Ғарыштық байланыс жүйесінің ұлттық операторы  - «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ (бұдан әрі – Ұлттық оператор).

Өтініш беруші – Ұлттық оператордың мекен-жайына транспондерлерді жалға алу өтінімімен жүгінген жеке немесе заңды тұлға;

Мониторингті басқару орталығы – техникалық сүйемелдеу мен спутниктік ресурсқа бақылауды жүзеге асыратын Ұлттық оператордың құрылымдық бөлімшесі;

СБЖС ғарыш сегментіне қол жетімділігі – Ұлттық оператормен берілетін, спутниктік байланыстың жердегі станцияларының транспондерлерге қосылуының (кем дегенде бір СБЖС «KazSat» сериялы спутниктерінің орбиталық позициясына бағыттағы қуатты сәулелендіру режімін орнату) техникалық мүмкіндігін растайтын құжат (рұқсат қағаз);

СБЖС рұқсат беру рәсімі – СБЖС ғарыш сегментіне қолжетімділігіне рұқсат алуға мүмкіндік беретін ұйымдастыру-техникалық жұмыстарының кешені.

 Мазмұн

 

2 Тарау. Ғарыш сегментіне қолжетімділікті ұйымдастыру барысында Өтініш берушімен өзара іс-әрекет

 

2. Әрбір СБЖС ғарыш сегментіне жұмысқа рұқсат беру рәсімі коммерциялық негізде жүзеге асырылады және оған келесілер кіреді:

1) СБЖС сынау (бірінші және екінші кезеңдер бойынша)

СБЖС сынау кезеңмен, әрбір СБЖС үшін бөлек, осы Техникалық талаптардың 4 тарауында келтірілген әдістерді қолдана отырып жүргізіледі.

Сынауларды жүргізу тәртібі 3 тарауда сипатталады. СБЖС сынау нәтижелері сынау хаттамаларында көрсетіледі.

2)  сынау хаттамаларын және ғарыш сегментіне СБЖС қолжетімділікті (рұқсатты) рәсімдеу.

3.  Ғарыш сегментіне СБЖС қолжетімділігіне рұқсат тиісті төлемнен кейін СБЖС иесіне жіберіледі. СБЖС қайтадан рұқсат рәсімін жүргізу барысында бұрын рұқсат етілген СБЖС қолжетімділікке қайтадан Рұқсат тегін беріледі.

4. Өтініш беруші транспондерлік сыйымдылықты жалға алу шартын тоқтатқанда ғарыш сегментіне Өтініш берушінің СБЖС қолжетімділікке бұрын берілген рұқсат (Техникалық талаптарға 6 қосымша [ақпарат алу doc] [ақпарат алу zip]) жарамсыз болып есептеледі. Бұл жағдайда Ұлттық оператор ол туралы Өтініш берушіні хабардар етеді.

Мазмұн

3 Тарау. Өтініш берушінің СБЖС сынау жүргізу тәртібі

 

§ 1. Сынаудың бірінші кезеңі

 

5.  Бірінші сынаудың мақсаты СБЖС параметрлерінің Өтініш берушінің спутниктік байланыс қызметін көрсетуге ұсынған өтінімінде (Техникалық талаптарға 4 қосымша [ақпарат алу doc] [ақпарат алу zip]]) көрсетілген деректерге сәйкестігін тексеру болып табылады және СБЖС бөлек параметрлері Өтініш берушімен төлқұжатқа енгізіледі (Техникалық талаптарға 5 қосымша [ақпарат алу doc] [ақпарат алу zip]). VSAT  желілерінің типті СБЖС үшін Өтініш берушінің қарауы бойынша таңдаулы дербес сынау жүргізілуі мүмкін (Техникалық талаптарға 7 қосымша [ақпарат алу doc] [ақпарат алу zip]).

6. СБЖС радиожабдықтарын дербес сынау Өтініш берушінің өз бетімен «KazSat» сериялы спутниктердің орбиталық позициясының бағытына қарай сәулелендірмей жүргізіледі.

Мазмұн

 

§ 2. Сынаудың екінші кезеңі

 

7.  Екінші сынаудың мақсаты МБО техникалық құралдарының көмегімен тестіленетін СБЖС антенна параметрлері мен жоғары жиілікті сипаттамаларын тексеру болып табылады. Сынау сынаудың типтік бағдарламасына сәйкес жүргізіледі (Техникалық талаптарға 7 Қосымша [ақпарат алу doc] [ақпарат алу zip]).

8.  Сынауды жүргізудің оперативті басқаруын МБО операторлары жүзеге асырады, ол үшін Өтініш берушімен ұйымдастырылған, МБО мен сыналатын СБЖС арасында байланыс арнасы қолданылады.

9.  Байланыс арнасы барлық сынаулар кезінде жұмыс жасап тұруы қажет. Байланыс бұзылған жағдайда сынау үзіледі, ал СБЖС таратқышы бірден өшеді. Байланыс қалпына келтірілгеннен кейін ғана сынауды қайтадан бастау мүмкін болады.

10.    Уақытты үйлесімдеу және СБЖС және/немесе Өтініш берушінің қызметкерлерінің сынауға дайын болмау себебінен рұқсат беру рәсімін жүргізу барысында кезектің туындауын болдырмау мақсатында МБО операторлары бұл рәсімді өзге келісілген уақытқа жылжыта алады немесе келесі Өтініш берушілердің СБЖС жоспарлы рұқсаттарды жүргізе алады.

11. Геостационарлық орбитадағы «KazSat» сериялы спутниктердің орбиталық позицияларына бағытталған қуатты сәулелендіру режімінде әрбір СБЖС шығуы МБО операторының командасы бойынша ғана жүзеге асырылады.

12. «KazSat» сериялы спутниктердің орбиталық позициясына дәлденген СБЖС сынау басталғанға дейін таратқыш шығыс қуатты сәулелендірмеу режімінде болуы қажет.

13.    СБЖС сынау кезінде «KazSat» сериялы спутниктерінің орбиталық позициясының бағытындағы сәулелендіру режімі Өтініш берушінің СБЖС таратқышында сынау тікелей жүріп жатқан кезде ғана қосылуы қажет.

Мазмұн

 

§3. МБО қатысуымен СБЖС өлшенетін параметрлерінің

және сипаттамаларының тізбесі

 

14. СБЖС өлшенетін параметрлерінің және сипаттамаларының тізбесі:

  1. СБЖС сигнал жиілігін ұстау және БИСҚ тұрақтылығы, ескертпе -  типті VSAT станциялары және СБЖС үшін автосүйемелдеу жүйесінсіз алынып тасталуы мүмкін;
  2. СБЖС антеннасының таратуға бағытталу диаграммасы, ескертпе – моторландырылмаған жетексіз СБЖС үшін жүргізілмейді;
  3. СБЖС антеннасының қабылдауға бағытталу диаграммасы, ескертпе – моторландырылмаған жетексіз СБЖС үшін жүргізілмейді;
  4. СБЖС антеннасының таратуға кроссполяризациялық таралымы, ескертпе – міндетті тәртіпте орындалады.

Ескертпе – параметрлерді өзгерту осы Техникалық талаптардың 4 тарауына сәйкес жүргізіледі.

Мазмұн

 

§4. СБЖС спутникке алғашқы шығуы

15.    Ғарыш сегментіне Өтініш берушінің СБЖС қолжетімділігі МБО рұқсаты бойынша және МБО операторының басқаруымен жүзеге асырылады.

16. Спутникке шығар алдында Өтініш берушінің СБЖС техникалық қызметкері қабылдау және тарату жабдықтарын тексеруі, спутникке бағыттау координаттарын нақтылауы, станция антеннасының маяк бойынша немесе МБО мониторинг станциясынан бақылаушы модульденбеген тасымалдауыш бойынша дәл бағыттауын жүргізуі, сондай-ақ қабылдау мен таратуға сынау сигналдарының жұмыс поляризациялары мен жиіліктерін тексеруі қажет. Өтініш берушінің СБЖС қуатты сәулелендіру режімінде спутникке бірінші шыққанда Өтініш берушінің техникалық қызметкері келесі тәртіпті ұстануы керек:

  1. СБЖС антеннасының спутникке дәл бағытталуына көз жеткізу;
  2. өлшеу үшін бөлінген жиілік жолағында БҚТК шығысынан орынсыз сигналдардың қабылданбауына көз жеткізу;
  3. жалпы пайдалану арнасы немесе қызметтік байланыстың бөлінген арнасы бойынша МБО операторымен қызметтік байланыс орнату;
  4. МБО операторының командасы бойынша қажетті жиілікті және тасымалдаушы сынау сигналының БИСҚ орнату;
  5. таратқышты МБО операторының командасы бойынша ғана және алғашқы кезеңде БИСҚ белгіленген номиналынан 10 дБ төмен деңгейде қосу;
  6. сигнал жиілігі мен қуатын, таратқыштан шығардағы жанама және жолақтан тыс сәулелендіру деңгейін қадағалау;
  7. МБО операторының бақылауымен БИСҚ номиналды мәнін белгілеу;
  8. өлшеудің аяқталуы бойынша СБЖС таратқышын сөндіру.

17. Сынау хаттамасын рәсімдеу үшін Өтініш берушінің техникалық қызметкері МБО операторына келесі деректерді хабарлайды:

  1. СБЖС бойынша жалпы деректер - сәйкестендіру нөмірі және станцияның орналасқан жері;
  2. СБЖС техникалық сипаттамасы.

 

Мазмұн

 

§5. Өлшеулер нәтижелерін рәсімдеу

  

18.    Өтініш берушінің СБЖС жабдықтарының сипаттамаларын өлшеуді аяқтағаннан кейін сынау хаттамасы жасалады.

19.    Сынаудың аяқталуы бойынша хаттамаға енгізілген деректердің негізінде Өтініш беруші осы Техникалық талаптардың 5 қосымшасына [ақпарат алу doc] [ақпарат алу zip] сәйкес рәсімделген СБЖС паспортын жасайды. VSAT (Very Small Aperture Terminal) желісінің типтік абоненттік СБЖС үшін бір паспорт толтырылады, ал бұл СБЖС орналасқан жерлері мен сәйкестендіру нөмірлері МБО-ға бөлек тізіммен жіберіледі. Типті СБЖС сәйкестендіру нөмірін толтырудың үлгісі Техникалық талаптарға 6 қосымшада [ақпарат алу doc] [ақпарат алу zip] келтірілген.

Типті СБЖС тобы дегенде қабылдау-тарату жабдықтарының конфигурациясы мен сипаттамалары бірдей СБЖС түсіндіріледі:

  1. жасаушы және антенна жүйесінің диаметрі,
  2. қабылдау/таратуға жұмыс жиіліктерінің жолағы,
  3. БИСҚ максималды мәні,
  4. ЖС (G/T) беріктілік мәні,
  5. қабылдау/таратуға антеннаны күшейту коэффиценті,
  6. шығарушы және таратқыштың қуаты.
  7. модем моделі мен шығарушысы.

20.     Сынауларды талдау (сынаулар нәтижелері оң болған жағдайда) және Өтініш берушінің МБО-ға СБЖС паспортын ұсыну нәтижелері бойынша Ұлттық оператор ғарыш сегментіне осы СБЖС қолжетімділікке рұқсатты рәсімдейді және рұқсаттың бір данасын Өтініш берушіге жібереді, екінші данасын хаттамамен бірге МБО-да сақтайды. Ғарыш сегментіне қолжетімділікке рұқсаттың көшірмесі Шартқа қоса беріледі және Ұлттық операторда сақталады.

21.    Өтініш берушінің СБЖС өлшеу нәтижелері осы Техникалық талаптардың 4 тарауында көрсетілген техникалық талаптармен сәйкес келмеген жағдайда Ұлттық оператор Өтініш берушіні келісілген күнде және уақытта қайтадан сынау қажеттілігі туралы хабардар етеді, ал Өтініш беруші СБЖС қайтадан өлшеулерге дайындайды.

22.   Ғарыш сегментіне СБЖС қолжетімділікке рәсімделген рұқсаттың болуы осы СБЖС пайдаланумен спутниктік байланыс арнасын пайдалануға енгізу үшін негіз болып табылады.

23. СБЖС аппаратурасын (антенналар және/немесе таратқыш құрылғылар) ауыстырған немесе қосымша  жабдықтаған жағдайда Өтініш беруші  қайтадан рұқсат беру рәсімін жүргізудің қажеттілігі туралы шешім қабылдау үшін МБО-ға ақпарат береді.

24. Үлгілік СБЖС тобына  30 күнтізбелік күн кезеңінде бір Рұқсат ресімделеді, бірақ 20 СБЖС-дан көп болмауы тиіс.

Мазмұн

 

4 тарау. СБЖС параметрлерін өлшеу

 

§1. БИСҚ сигналының жиілігін қолдау тұрақтылығы

 

25.    Өлшеулердің мақсаты 24 сағат бойы СБЖС жиілігінің тұрақтылығын және тасымалдаушысының БИСҚ тексеру болып табылады. Өлшеу уақыты  өзара келісім бойынша өзгертілуі мүмкін.

СБЖС өлшеу аппаратурасының  ұсынылып отырған үлгілік құрамы:

  1. қуат өлшеуіш (бұдан әрі – ҚӨ);

  2. жиілік генераторы (бұдан әрі – Ген.).

26.БИСҚ тұрақтылығын және СБЖС тасымалдаушысының жиілігін өлшеу сызбанұсқасы осы Техникалық талаптарға 1- қосымшада [ақпарат алу doc] [ақпарат алу zip] көрсетілген.

27.    Іс-қимылдардың  сабақтастығы:

  1. Жиіліктің ауытқуын және Өтініш берушінің СБЖС қолдауының  тасымалдаушысының БИСҚ қолдауының дәл еместігін өлшеу  бір мезгілде жүргізіледі;

  2. Өтініш берушінің техникалық қызметкерлер құрамы СБЖС антеннасын  спутникке маяктың сигналының ең жоғары деңгейі бойынша дәл бағыттауды жүргізеді;

  3. Өтініш берушінің СБЖС МБО операторының нұсқауы бойынша спутниктің бағытына бастапқы сәтте МБО операторы белгілеген номиналдан 10 дБ төмен деңгейде модульденбеген тасымалдаушы (бұдан әрі - CW) сәулесін шығарады. Тасымалдаушының  деңгейін көтеру МБО операторының командасы бойынша ғана жүзеге асырылады;

  4. МБО операторы қабылдауда СБЖС тасымалдаушысының сәуле шығаруын бақылайды;

  5. Өтініш берушінің техникалық қызметкерлер құрамы МБО операторының бақылауымен БИСҚ тасымалдаушысының номинал мәнін белгілейді. Тасымалдаушының белгіленген деңгейін  егер осындай мүмкіндік болса Өтініш берушінің қызметкерлер құрамы таратқыштың шығуына бағытталған тармақтаушы арқылы қосылған қуат өлшеуіші бойынша  бақылауы да мүмкін;

  6. МБО операторы БИСҚ  және Өтініш беруші СБЖС тасымалдаушы  жиіліктің спутниктен қабылдаудағы номинал мәндерінің өзгерулерін  қабылдау бойынша  МБО-ның  техникалық құралдарымен автоматты  тіркеуді жүзеге асырады;

  7. Өтініш берушінің техникалық қызметкерлер құрамы өлшеулер аяқталғаннан кейін МБО операторының нұсқауы бойынша  СБЖС  таратқышын ажыратады;

  8. Өлшеулер СБЖС  жабдықтарының негізгі және резервтік кешендері үшін жүргізіледі;

Ескерту –Автосүйемелдеу жүйесімен жарақтандырылмаған диаметрі 3.5 м антенналар үшін осы өлшеу жүргізілмейді.

 

Мазмұн

 

§2. Өтініш берушінің СБЖС антеннасының таратуға бағытталу диаграммасын өлшеу

 

28.    Осы параграфта ғарыштық сегментті  пайдалан отырып және МБО техникалық құралдарының қатысуымен антеннаның  Бағытталу  диаграммасын (бұдан әрі – БД) өлшеу әдісі сипатталады.

29.    Өлшеудің мақсаты БД нысанының таратуда осы Техникалық талаптардағы талаптарға сәйкестігін анықтау болып табылады. Өтініш берушінің СБЖС антеннасының БД нысанын өлшеу сызбанұсқасы  2 қосымшада [ақпарат алу doc] [ақпарат алу zip] көрсетілген.

Автосүйемелдеу жүйесімен жарақтандырылмаған диаметрі 3.5 м асатын антенналар үшін осы өлшеу жүргізілмейді.

СБЖС өлшеу аппаратурасының  ұсынылып отырған үлгілік құрамы -

қуат өлшеуіш (бұдан әрі – ҚӨ), жиілік генераторы (бұдан әрі – Ген.).

30.    Өтініш берушінің СБЖС БД өлшеулеріне әзірлік кезінде  антеннаны спутниктің бағытындағы ±7°* бұрыштар диапазонында     бұрышы бойынша орнынан  жоғарыға және азимут бойынша солдан оңға бұру уақытына өлшеу жүргізеді. Бұрыштардың көрсетілген диапазондарында антеннаның қозғалу бірқалыптылығы зерделенеді. Қиындық туындаған жағдайда МБО операторы  консультациялық көмек көрсетеді. Алынған деректер МБО операторына хабарланады.

31.    Іс-қимылдардың сабақтастығы:

  1. Антеннаны Өтініш берушінің СБЖС-на беру кезінде БД өлшеу  азимут бойынша:

-  Өтініш берушінің СБЖС спутниктің маягының ең жоғарғы сигналы  бойынша  баптау;

- Өтініш берушінің техникалық қызметкерлер құрамы МБО операторының нұсқауы бойынша спутниктің бағытына бастапқы сәтте МБО операторы белгілеген номиналдан 10 дБ төмен деңгейде модульденбеген тасымалдаушы сәулесін шығарады. Тасымалдаушының  деңгейін көтеру МБО операторының командасы бойынша ғана жүзеге асырылады;

 

- МБО операторы қабылдауда СБЖС тасымалдаушысының сәуле шығаруын бақылайды;

- Өтініш берушінің техникалық қызметкерлер құрамы МБО операторының бақылауымен БИСҚ тасымалдаушысының номинал мәнін белгілейді. Тасымалдаушының белгіленген деңгейін  егер осындай мүмкіндік болса Өтініш берушінің қызметкерлер құрамы таратқыштың шығуына бағытталған тармақтаушы арқылы қосылған қуат өлшеуіші бойынша  бақылауы да мүмкін;

- Өтініш берушінің техникалық қызметкерлер құрамы МБО операторының командасы бойынша СБЖС  таратқышын ажыратып, берілген жиілікте таратуды тоқтатады;

- Өтініш берушінің техникалық қызметкерлер құрамы антеннаны  спутникті бұру нүктесінен азимут бойынша шығысқа  7°* (плюс 7°) бұруды жүргізеді;

- Өтініш берушінің техникалық қызметкерлер құрамы СБЖС антеннасын шығысқа плюс 7°* позициясынан батысқа минус 7° позициясына (спутникті бағыттау нүктесінен) қозғау уақытын өлшеуді жүргізеді, өлшенген уақытты МБО операторына  хабарлайды және антеннаны бастапқы орнына қайтарады;

- Өтініш берушінің техникалық қызметкерлер құрамы МБО операторының «СТАРТ» командасы бойынша қуаты номинал деңгейдегі таратқышты  ажыратуды жүргізеді:

- Өтініш берушінің техникалық қызметкерлер құрамы СБЖС антеннасын минус 7° позициясынан шығысқа плюс 7°* позициясына  бұруды жүзеге асырады, және қозғау аяқталғаннан кейін  таратқышты ажыратады;

- МБО операторы  Байланыс мониторингі жүйесі (бұдан әрі – БМЖ) кешенін өлшеудің нәтижелерін өңдейді және СБЖС антеннасын азимуттық жазықтықта БД бойынша есеп әзірлейді;

Қажеттілік болған жағдайда МБО операторының командасы бойынша  осы 1) тармақтың алтыншы тармақшасынан бастап оныншы тармақшасы бойынша абзацтарда қаралған шара қайтадан өткізіледі.

*Ескерту: Антеннаны бұрудың мәні өзгеруі мүмкін (градустарда).

2.  Антеннаны Өтініш берушінің СБЖС-на таратуға БД өлшеу орын бұрышы бойынша:

- Өтініш берушінің СБЖС-ын спутниктің маягының ең жоғары сигналы бойынша баптау;

- Өтініш берушінің техникалық қызметкерлер құрамы МБО операторының нұсқауы бойынша спутниктің бағытына бастапқы сәтте МБО операторы белгілеген номиналдан 10 дБ төмен деңгейде модульденбеген тасымалдаушы (CW) сәулесін шығарады. Тасымалдаушының  деңгейін көтеру МБО операторының командасы бойынша ғана жүзеге асырылады;

- МБО операторы  қабылдауда  СБЖС тасымалдаушысының сәуле шығаруын бақылайды;

- Өтініш берушінің техникалық қызметкерлер құрамы  МБО операторының бақылауымен БИСҚ тасымалдаушысының номинал мәнін белгілейді. Тасымалдаушының белгіленген деңгейін  егер осындай мүмкіндік болса Өтініш берушінің қызметкерлер құрамы таратқыштың шығуына бағытталған тармақтаушы арқылы қосылған қуат өлшеуіші бойынша  бақылауы да мүмкін;

- Өтініш берушінің техникалық қызметкерлер құрамы МБО операторының нұсқауы бойынша  СБЖС  таратқышын ажыратып, берілген жиілікте таратуды тоқтатады;

-  Өтініш берушінің техникалық қызметкерлер құрамы антеннаны  спутникке бағыттау нүктесінен минус 7°* жоғары орындағы бұрыш бойынша бұруды жүргізеді;

-  Өтініш берушінің техникалық қызметкерлер құрамы СБЖС антеннасын спутникті бағыттау нүктесінен минус 7°* позициясынан төменге плюс 7°*  позициясына қозғау уақытын өлшеуді жүргізеді, өлшенген уақытты МБО операторына  хабарлайды және антеннаны бастапқы орнына қайтарады;

- Өтініш берушінің техникалық қызметкерлер құрамы МБО операторының «СТАРТ» командасы бойынша қуатының деңгейі номинал таратқышты  қосуды жүргізеді;

- Өтініш берушінің техникалық қызметкерлер құрамы  плюс 7°*  позициясынан минус 7°* позициясына дейін бұруды жүзеге асырады, және қозғау аяқталғаннан кейін СБЖС таратқышын ажыратады;

- МБО операторы БМЖ кешенін өлшеу нәтижелерін өңдейді және бұрыш орны жазықтығындағы СБЖС антеннасын БД бойынша есеп әзірлейді.

Қажеттілік болған жағдайда МБО операторының командасы бойынша  осы 2) тармақтың алтыншы тармақшасынан бастап оныншы тармақшасы бойынша абзацтарда қаралған шара қайтадан өткізіледі;

*Ескерту:  Бұру мәні өзгертілуі мүмкін (градустарда). 

Мазмұн

 

§3 Өтініш берушінің СБЖС антеннасының қабылдауға БД өлшеу

 

32. СБЖС БД қабылдауға өлшеу кезінде МБО техникалық құралдары  тікелей өлшеулерді жүргізбейді.

33.    СБЖС антенналары мониторинг станциясынан (бұдан әрі – МС)  сәуле шығаратын модульденбеген тасымалдаушы (CW) бойынша БД  жүргізеді.

34.    МС сигналы  СБЖС антеннасының  қозғалуының азимуттық және кейін бұрыш орны бағыты жүріп жатқан кезде  беріледі. Өтініш берушінің СБЖС өлшеу бойынша деректер МБО операторына беріледі және есепке жазылады.  Өлшеулерді жүргізу үшін осы Техникалық талаптардың 3 қосымшасына [ақпарат алу doc] [ақпарат алу zip] сәйкес сызбанұсқаны  жинау қажет.

35.    Іс-қимылдардың сабақтастығы:

    1. Өтініш берушінің техникалық қызметкерлер құрамы СБЖС-ны  спутниктің маягының ең жоғары сигналы бойынша баптайды;
    2. МС СБЖС техникалық қызметкерлер құрамымен келісілген параметрлермен тіректік тестілік сигнал (CW) береді;
    3. Өтініш берушінің техникалық қызметкерлер құрамы МБО операторына тірек сигналын қабылдағандығы туралы хабарлайды;
    4. Азимут бойынша антеннаның БД өлшеу:

Өтініш берушінің техникалық қызметкерлер құрамы антеннаны  спутникті бағыттау нүктесінен шығысқа қарай 7°* бұрышқа орнатады;

Өтініш берушінің техникалық қызметкерлер құрамы антеннаны азимут бойынша батысқа (плюс 7° нүктесіне) қозғауды жүзеге асырады және сонымен бір мезгілде  сигнал деңгейінің өзгеруін және антеннаның плюс 7° нүктесінен минус 7° -ге дейін өту уақытын бекітеді;

Өтініш берушінің техникалық қызметкерлер құрамы өлшеулер нәтижесінде алынған деректерді сақтайды;

    1. Орын бұрышы бойынша антеннаның ДБ өлшеу:

Өтініш берушінің техникалық қызметкерлер құрамы антеннаны спутникке бағыттау нүктесінен минус 7°* төменгі орынға (бұрышорны жазықтығындағы) орналастырады;

Өтініш берушінің техникалық қызметкерлер құрамы антеннаның орын бұрышы бойынша   плюс 7°* нүктесіндегі жоғарғы  орынға қозғауды жүзеге асырады және сонымен бір мезгілде  сигналдың деңгейінің өзгеруін және плюс 7° нүктесінен минус 7° нүктесіне дейін өту уақытын бекітеді;

Өтініш берушінің техникалық қызметкерлер құрамы өлшеулер нәтижесінде алынған  деректерді сақтайды;

  1. Өтініш берушінің техникалық қызметкерлер құрамы өлшеулер жүргізілгеннен кейін МБО операторына  өлшеулердің аяқталғаны туралы  хабарлайды және МБО операторы  мониторинг станциясынан  тірек сигналын беруді тоқтатады;
  2. Өтініш берушінің техникалық қызметкерлер құрамы өлшеу нәтижелерін МБО операторына  береді (факсимиле, электрондық почта арқылы немесе электрондық тасымалдаушылармен);
  3. МБО алынған нәтижелерді өңдейді, БД бойынша есеп әзірлейді.

 

Мазмұн

 

§4 Өтініш берушінің СБЖС антеннасының таратуға 

кросс-поляризациялық түйінін өлшеу

 

36.    Өтініш берушінің  СБЖС антеннасының кросс-поляризациялық түйінін (бұдан әрі – КПТ) өлшеу дегеніміз СБЖС көлбеу және тік  поляризацияланулардағы сәуле шығаратын сигналын  өлшеу және МС нәтижелерін өңдеу.

37.    КПТ антеннасын тарату жиіліктері диапазонында өлшеу 4 қосымшада [ақпарат алу doc] [ақпарат алу zip] келтірілген сызбанұсқаға сәйкес жүргізіледі.

38. СБЖС өлшеу жабдығының  ұсынылып отырған үлгілік құрамы - жиілік генераторы (бұдан әрі – Ген.).

39. Іс-қимылдардың сабақтастығы:

  1. Өтініш берушінің техникалық қызметкерлер құрамы антеннаны маяктың сигналының ең жоғары деңгейі бойынша спутникке дәл бағыттауды жүргізеді;

  2. Өтініш берушінің техникалық қызметкерлер құрамы МБО операторының нұсқауы бойынша спутниктің бағытына бастапқы сәтте МБО операторы белгілеген номиналдан 10 дБ төмен деңгейде модульденбеген тасымалдаушы (CW) сәулесін шығарады. Тасымалдаушының  деңгейін көтеру МБО операторының командасы бойынша ғана жүзеге асырылады;

  3. МБО операторы  қабылдауда  СБЖС тасымалдаушысының сәуле шығаруын бақылайды;

  4. Өтініш берушінің техникалық қызметкерлер құрамы  МБО операторының бақылауымен БИСҚ тасымалдаушысының номинал мәнін белгілейді. Тасымалдаушының белгіленген деңгейін  егер осындай мүмкіндік болса Өтініш берушінің қызметкерлер құрамы таратқыштың шығуына бағытталған тармақтаушы арқылы қосылған қуат өлшеуіші бойынша  бақылауы да мүмкін;

  5. МБО операторы спутниктің транспондерлеріндегі сәуле шығаратын және ортогональды поляризация сигналының деңгейінің өзгерулерін автоматты тіркеуді жүзеге асырады.  Сигналдың  деңгейінің өзгерулерінің айырмасы кросс-поляризациялық түйіннің көлеміне тең болады;

  6. МБО операторы КПТ алынған мәнін кем дегенде 30 дБ болуы тиіс КПТ нормаланған мәнімен бағалайды.

  7. Егер КПТ алынған мәні регламентте белгіленгеннен кем болса, онда Өтініш берушінің техникалық қызметкерлер құрамы МБО операторының нұсқауы бойынша  Өтініш берушінің антенналық жүйесінің поляризаторын түзетуді (бұруды)  жүзеге асырады, ал МБО операторы осы Техникалық талаптарды қанағаттандыратын мән алынғанға дейін осы тармақтың 5)- 6) тармақшаларында мазмұндалған  іс-қимылдарды қайталайды.

Мазмұн

 

§5 Өтініш берушінің қабылдауға СБЖС антеннасының кросс-поляризациялық шешімін өлшеу

  

40. Өтініш берушінің антеннасының кросс-поляризациялық өлшеуіне Мониторингті басқару орталығының техникалық құралдары шығаратын тірек сигналын өлшеу кіреді.

41. Қабылдайтын жиілік диапазонындағы антеннаның КПР өлшеу 8 қосымшада [ақпарат алу doc] [ақпарат алу zip] келтірілген сызбаға сәйкес жүргізіледі.

42.Өлшеу құралының ұсынылатын құрамы: спектр талдағышы, қосу кәбілі.

43. Іс-әрекеттердің реттілігі:

                                  1. Өтініш берушінің техникалық қызметкері маяктың максималды деңгейі бойынша жерсерікке антеннаны дәл бағыттауды жүргізеді;

                                  2. МБО операторы Өтініш берушінің операторына спектр талдағышын жұмысқа әзірлеу үшін тірек сигналының параметрлерін көрсетеді;

                                  3. Өтініш берушінің операторы тірек сигналының максимумы бойынша антенна жүйесінің поляризаторына түзетуді (бұру) жүргізеді,

                                      спектр талдағышымен тірек сигналының спектрін өлшеуді және сақтауды жүргізеді.

                                  4. Өтініш берушінің операторы антенна жүйесінің поляризаторын, тірек сигналының ортогоналды поляризациясын тегістікке түзетуді (бұруды) жүргізеді,

                                      спектр талдағышымен өлшеуді      жүргізеді және тірек сигналының деңгей мәнін бекітеді. Поляризаторды түзету 3т. өлшенген деңгей мәні мен

                                      ортогоналды поляризациядағы тірек сигналының деңгейінің мәні арасындағы айырмашылық 30 дБ-дан кем болмайтындай жүргізілу қажет.

                                     Өтініш берушінің операторы спектр талдағышымен тірек сигналының спектрін өлшейді және сақтайды.

                                  5. Өтініш берушінің операторы өлшеу нәтижелерін МБО-ға ұсынады. Ұсынылған нәтижелер ғарыш сегментіне СБЖС қолжетімділігі үшін негіз болып табылады.

Мазмұн

 

 

ҚОСЫМША

№ 1 Қосымшаdoc zip

 

№ 2 Қосымшаdoc zip

 

№ 3 Қосымшаdoc zip

 

№ 4 Қосымша doc zip

 

№ 5 Қосымшаdoc zip

 

№ 6 Қосымшаdoc zip

 

№ 7 Қосымшаdoc zip

 

№ 8 Қосымшаdoc zip

 

 

«KazSat» ұлттық ғарыштық байланыс жүйесі

 

KAZSAT-2

KAZSAT-3

«Ақкөл» ҒБО

«Көктерек» ҒБО