«Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 30 желтоқсандағы №1355 қаулысына сәйкес 2004 жылғы 18 наурызда құрылды.

2007 жылы Қазақстан Республикасының Үкіметі ғарыш қызметі саласындағы қызметті мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру үшін Ұлттық ғарыш агенттігін – Қазғарышты құрды. Оның Төрағасы болып 1 сыныпты ғарышкер-ұшқыш, Қазақстан Республикасы авиациясының генерал-лейтенанты, Қазақстан Республикасының Халық Қаһарманы, және Ресей Батыры Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев тағайындалды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 мамырдағы №721 қаулысына сәйкес «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы»  келесі міндеттерді жүзеге асыру үшін Қазақстанның ғарыштық байланыс жүйесінің ұлттық операторы  болып белгіленді:

  1. ғарыштық байланыс жүйесін техникалық пайдалануды қамтамасыз ету;
  2. жеке және немесе) заңды тұлғаларға ғарыш аппараттары  транспондерлерін ұсыну  бойынша қызметтер көрсету.

Ғарыштық байланыс жүйесінің ұлттық операторы жүктелген міндеттерді орындау үшін келесі қызметтерді жүзеге асырады:

  1. ғарыштық байланыс жүйелерін құрудағы және дамытудағы бірыңғай техникалық саясатты жүзеге асыру мақсатында мемлекеттік органдардың инвестициялық  жобалары мен бағдарламаларын  жоспарлауға, қалыптастыруға және талдауға қатысу;
  2. ғарыштық байланыс жүйелерін техникалық пайдалану және оларды басқару;
  3. жеке және  (немесе) заңды тұлғаларға ҒА транспондерлерін ұсыну бойынша қызметтер көрсету;
  4. байланыс саласындағы уәкілетті органмен  келісім бойынша ұлттық ҒА транспондерлерін резервтеу, ұлттық ҒА Қазақстан Республикасының шегінен тыс қамту аймақтарын кеңейту мақсатында ғарыштық байланыстың шетелдік операторларымен өзара іс-қимыл.

Бүгінгі күні Республикалық ғарыштық байланыс орталығы Қазақстанның телекоммуникация рыногындағы байланыс мәселелері бойынша қызметті жүзеге асыратын жетекші кәсіпорындардың бірі болып табылады. Республикалық ғарыштық байланыс орталығының мамандары Қазақстан Республикасының және шектес мемлекеттердің аумағында байланысты және телевизиялық хабар таратуды ұйымдастыруға және деректерді беруді жүзеге асыруға арналған бірінші қазақстандық орбиталық спутниктік топтастықты құру бойынша жұмыстар жүргізуде.

Байланыс саласындағы жұмыс тәжірибесі, білікті қызметкерлер құрамы және қолданылатын қазіргі заманғы техникалық шешімдер біздің әріптестерімізбен  өзара іс-қимылдың негізі болып табылады және біздер ұсынатын қызметтерді пайдаланушыларға қызмет көрсетудің жоғары деңгейін  қамтамасыз етеді.

 

«KazSat» ұлттық ғарыштық байланыс жүйесі

 

KAZSAT-2

KAZSAT-3

«Ақкөл» ҒБО

«Көктерек» ҒБО