«Ақкөл» жерден басқару кешені

2005 жылғы желтоқсанда Қазақстан Республикасының елордасы Астана қаласына жақын жердегі Ақкөл қаласының көрікті орман алқабында бірінші қазақстандық ғарыштық аппараттарды жерүсті басқару кешені және байланыс мониторингі жүйесі  құрылды

Кешен ғарыштық  аппараттарды басқару үшін жаңа технологиялық жабдықпен жарақтандырылған. Жерүсті кешенінің барлық жүйелері толық автономды және тәуелсіз.

Жерүсті кешені «KazSat» сериялы ғарыштық аппараттардың берілген техникалық және баллистикалық сипаттамаларын басқару, бақылау және сүйемелдеу міндеттерін үздіксіз орындауға арналған. 

Ғарыштық аппараттарды жерүсті басқару кешенінің жарақтандылуы:

  • спутникке  басқару командаларын беруге және оның орбитада орналасуын дәл өлшеуге арналған командалық-өлшеу жүйесі.
  • ҒА транспондерлерінде орбиталық сынаулар мен өлшеулерді жүргізуге, ҒА транспондерлеріндегі сигналдар мониторингін жүзеге асыруға және  спутниктік байланыстың жерүсті станцияларының параметрлерін өлшеуді жүргізуге және оларға спутникпен жұмыс істеуге қолжетімділік рәсімін жүзеге асыруға  арналған командалық-өлшеу жүйесі.

Байланыс мониторингі жүйесі  «Vertex»  шығарған  d 9 m антенналар жүйесі  және d 7.3 m екі антенналы қабылдау жүйелері бар мониторинг станциясынан,  «Thales Alenia Spase» компаниясының аппараттық-бағдарламалық бақылау-өлшеу жабдығынан, тиісті бағдарламалық жасақтамасы бар серверлік және клиенттік жабдықтан тұрады.

Байланыс мониторингі жүйесі 14° Е бастап 130° Е дейінгі орбиталық позицияларда келесі функцияларды жүргізуге мүмкіндік береді:

  • Кu жиіліктер диапазонындағы сызықты поляризацияланудағы транспондерлерді орбиталық өлшеулерді жүргізу.
  • Кu жиіліктер диапазонындағы әрбір транспондердің нақты жиіліктік-энергетикалық жоспарына үздіксіз автоматтандырылыған мониторинг жүргізу.
  • Жердегі спутниктік станцияларға ғарыштық сегментке рұқсаттама берген кезде  олардың мәлімделген сипаттамаларына өлшеулер жүргізу.
  • Әрбір тасымалдаушының жиіліктік-энергетикалық сипаттамаларына мониторинг және өлшеулер жүргізу.
  • Тасымалдаушыларға тұрақты мониторинг жүргізу және олардың цифрлық параметрлерін  анықтау
  • Транспондерлердегі бөгеуілдік ахуалды бақылау
  • Өлшеулердің нәтижелерін сақтау
  • DVB стандарттарының принциптеріне сәйкес телевизиялық арналарға мониторинг жүргізу және тасымалдау ағындарының параметрлерін анықтау.Телевизиялық арналарға мониторинг жүргізу үшін екі  d 2.4 m қабылдау антеннасы орнатылған.

Мониторинг станциясының жиіліктерінің жұмыс диапазоны төменгі сызықта 10700 MHz-12750 MHz, жоғарғы сызықта 13750 MHz-14500 MHz, поляризациялануы - сызықты.

Байланыс мониторингі жүйесі үш ғарыштық аппарат үшін жоғарыда аталған функцияларды бір уақытта  және тәуелсіз түрде жүргізуге мүмкіндік береді.

Радиотехникалық жабдықтың құрамында Vertex-750 Вт  (2+1-резервтеу жүйесі) шығарған ЛБВ-дағы таратқыштар бар. Мониторинг және өлшеулер бағдарламалық кешендерін «Thales Alenia Space» фирмасы  (ICTM және MCC)  шығарған.

akkol 1

akkol 2

akkol 3

akkol 4

akkol 5

akkol 6

akkol 7

akkol 8

akkol 9

akkol 10

akkol 11

 

«KazSat» ұлттық ғарыштық байланыс жүйесі

 

KAZSAT-2

KAZSAT-3

«Ақкөл» ҒБО

«Көктерек» ҒБО