Мониторингті басқару орталығы – жерүсті басқару кешенінің құрылымдық бөлімшесі.  Орталықпен спутниктік байланыс және хабар таратудің ұйымдастырылған каналдарының үздіксіз мониторингі, спутниктік байланыстың жердегі пайдаланушы станцияларының жиіліктік-энергетикалық ресурсқа қолжетімділігі және ретрансляция жасалатын дабылдардың параметрлерін өлшеу, «KazSat» сериялы ғарыш аппараттарының пайдалы жүктеуінің транспондерлерінің параметрлерін оңтайландыру және жүктеу үшін деректерді дайындау және бақылау жүзеге асырылады.

Мониторингті басқару орталығына жүктелген міндеттерді орындау үшін байланыс мониторингі жүйесі (БМЖ) ұйымдастырылды.

Байланыс мониторингі жүйесі құрамында бар:

  • мониторинг станциясы (МС) аумақтығы бойынша Ақмола облысы Ақкөл қ. және Алматы облысы Байсерке а. орналасқан бақылау-өлшем жабдықтарының кешенінен тұратын БМЖ аппараттық-бағдарламалық бөлігі болып табылады.
  • Автоматтандырылған жұмыс орындары (АЖО) қызметтік белгілері бойынша бөлініп, жиіліктік-энергетикалық ресурсты жоспарлау және басқару бойынша тапсырмаларды жүзеге асыру үшін, «KazSat» сериялы ғарыш аппараттарының пайдалы жүктеуінің транспондерлерін өлшеу және мониторингін жүргізу үшін, сондай-ақ ЖС транспондерлердегі жұмысқа қолжетімділігін жүзеге асыру үшін олардың параметрлерін өлшеуді жүргізу үшін арналған.

Байланыс мониторингі жүйесі арналған:

  • Транспондерлер жиіліктерінің барлық жұмыс диапазонында белдеулік (горизонталды Н және вертикалды V) поляризациямен Ku – диапазонында «KazSat» сериялы ғарыш аппараттарының пайдалы жүктеулерінің транспондерлерінің параметрлерінің орбиталық сынақтары мен өлшеулерін жүргізу үшін;
  • Операторлардың байланыс желілерінің үздіксіз және сапалы жұмысын қамтамасыз ету үшін транспондерлердегі сигналдардың (соның ішінде тасымалдаушы сандық және аналогтік телевидение) мониторингі, сондай-ақ белгіленген жұмыс режимдерін және транспондерлердің техникалық сипаттамаларын қолдау үшін;
  • Жер станцияларының (ЖС) параметрлерін өлшеу жүргізу және олардың спутникпен жұмысқа рұқсат беру рәсімін жүзеге асыру үшін;
  • ҒА жұмысының барлық жиілік диапазонының оқпанындағы кедергі жағдайын бақылау.

 

«KazSat» ұлттық ғарыштық байланыс жүйесі

 

KAZSAT-2

KAZSAT-3

«Ақкөл» ҒБО

«Көктерек» ҒБО