«KazSat» сериялы байланыс және хабар тарату  геостационарлық ғарыштық аппараттар орбиталық топтастығын басқаруды Ғарыштық аппараттарды жерүсті басқару орталығы кешені жүзеге асырады.

Ұшуды басқару орталығының мамандары күн сайын көптеген міндеттерді орындайды. Мамандандырылған жабдықтың көмегімен инженерлер ғарыштық аппараттардың борттық жүйелері мен агрегаттарының берілген  техникалық сипаттамаларын үздіксіз басқаруды, бақылауды және сүйемелдеуді жүзеге асырады.

Спутниктер мақсатты міндеттерді орындап жатқанда Ұшуды басқару орталығының мамандары ғарыштық аппараттардың техникалық жағдайын тұрақты талдауды және бақылауды жүзеге асырады, оларды пайдаланудың қауіпсіз режимдерін сүйемелдеуді қамтамасыз етеді. Ғарыштық аппарттардың жұмысын жоспарлауды қамтамасыз ету үшін баллистикалық есептеулер жүргізіледі.

polet1

polet2

polet3

 

«KazSat» ұлттық ғарыштық байланыс жүйесі

 

KAZSAT-2

KAZSAT-3

«Ақкөл» ҒБО

«Көктерек» ҒБО