«Көктерек» резервтік жерден басқару кешені

Алматы облысының Іле ауданындағы ғарыш аппараттарын резервті жерден басқару кешені мен байланыс мониторингі жүйесі

 Жердегі ғарыштық инфрақұрылымды дамытуды жалғастыру ретінде 2009 жылы Алматы облысының Іле ауданында ғарыш аппараттарын резервті жерден басқару кешені мен байланыс мониторингі жүйесін («Алматы» РЖБК) құру бойынша жұмыстар басталды.

2013 жылы 28 маусымда «Алматы» РЖБК құрылысы аяқталды, мемлекеттік қабылдау және кешенді пайдалануға енгізу жүргізілді.

«Алматы» РЖБК – бұл учаскесінің жалпы көлемі 25 Га, әкімшілік-техникалық ғимараттан, объектінің энергетикалық қамтамасыз етілуін 100% резервтейтін энергетикалық блок ғимаратынан, екі талшықты-оптикалық байланыс жүйесінен, күзеттен және инфрақұрылымнан тұратын, сондай-ақ General Dynamics антенна жүйелерімен (АҚШ), CSat трансиверлерімен (АҚШ) жабдықталған қазіргі заманға сай технологиялық кешен болып табылады.

«Алматы» РЖБК жұмыс жасап тұрған «Ақкөл» ЖБК ұқсас жасалған және резервті 9°Е бастап 144°Е дейінгі геостационарлық доғадағы ғарыш аппараттарын басқару, қадағалау және белгіленген техникалық және баллистикалық сипаттамаларын ұстап тұруын қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ 14°Е бастап 130°Е дейінгі доғада «KazSat» сериялы ғарыш аппараттарының пайдалы жүктемесін мониторингтеу үшін  арналған.

Қазіргі уақытта «Алматы» РЖБК барлық жүйелері штаттық режімде жұмыс жасауда және «KazSat-2» спутнигімен барлық қажетті жұмыстарды жүргізуді қамтамасыз етуде.

«Алматы» РЖБК объектінде жүзеге асырылған әлеует оны тек мақсатты бағытта ғана пайдалануға емес, сонымен қатар оның инфрақұрылымын өздерінің спутниктік желілерінің үздіксіз және тиімді жұмыс жасауына мүдделі спутниктік байланыс арналарына ұсынуға және болашағы бар жобаларды дамытуға мүмкіндік береді. «Алматы» РЖБК объектінің технологиялық-заманауи аумағын көп мақсатты пайдалану Қазақстан Республикасының ақпараттық-коммуникациялық саласын сәтті дамыту кезеңдерінің тағы біреуі болып табылады.

«Алматы» РЖБК негізінде отандық және шетелдік спутниктік байланыс операторлары үшін мультисервистік қызметтерді ұйымдастыру мақсатында болашақта Қазақстанда алғаш рет Телепорт құру күтілуде.

Осылайша, Қоғам басқару және резервтеу процесіне тартылған жердегі орталықтардың өзара қарым-қатынасын біріктіретін «KazSat» сериялы спутниктер топтамаларын басқару бойынша ақпаратты өңдеу және шешім қабылдау бойынша бірыңғай жүйе құрады.

 1

3

4

5

 

«KazSat» ұлттық ғарыштық байланыс жүйесі

 

KAZSAT-2

KAZSAT-3

«Ақкөл» ҒБО

«Көктерек» ҒБО