«KazSat-2» ғарыш аппараты

kazsat 2   

«KazSat-2» ғарыш аппараты 2011 жылғы 16 шілдеде «Байқоңыр» ғарыш айлағынан геостационарлық орбитаға (ГСО) ұшырылды.

Байланыс және хабар тарату спутнигі «РҒБО» АҚ тапсырысы бойынша «М.В.Хруничев атындағы мемлекеттік ғарыштық ғылыми-өндірістік орталығы» ФМБК ресейлік кәсіпорынмен Thales Alenia Space (Италия) компаниясымен бірлесіп жасалды.

«KazSat-2» ҒА жасау барысында бағдар және тұрақтандыру жүйесінде SODER и Astrium (Франция) өндірісінің құралдары қолданылды.

«KazSat-2» спутнигі электрондық үкіметтің, телерадио хабар тарату, телефония, деректерді табыстау қызметтерін, мультимедиа, жылжымалы байланыс қызметтерін көрсету үшін арналған.

Оның қызмет көрсету аймағы Қазақстан Республикасының барлық аумағын, Орталық Азия елдерін, Қытайдың, Моңғолияның солтүстік-батысын, Ресейдің орталық бөлігін, Күнгей Кавказ елдерін, Украина мен Белоруссия бөліктерін қамтиды.

 

Негізгі сипаттамалары

Орбита түрі

Геостационарлық орбита

Белсенді жұмыс істеу мерзімі

12 жыл 3 ай

Транспондерлер саны:

16 дана

Қамту аймағы

Қазақстан Республикасы, Орта Азия аумағы (Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркіменстан), сондай-ақ Ресейдің еуропалық бөлігі.

Міндеттері

Байланыс қызметтерін

(байланыс, хабар тарату, деректер беру,

бейнеконференцбайланыс және т.б.) беру

Пайдалы жүктемені әзірлеуші

Thales Alenia Spaсe (Италия)

 

 

«KazSat» ұлттық ғарыштық байланыс жүйесі

 

KAZSAT-2

KAZSAT-3

«Ақкөл» ҒБО

«Көктерек» ҒБО