«KazSat-3» ғарыш аппараты

«KazSat-3» ғарыш аппаратын ГСО ұшыру 2014 жылы 28 сәуірде «Байқоңыр» ғарыш айлағынан жүргізілді. Спутник «РҒБО» АҚ тапсырысы бойынша «М.В.Хруничев атындағы мемлекеттік ғарыштық ғылыми-өндірістік орталығы» ФМБК ресейлік кәсіпорынмен Thales Alenia Space (Италия) компаниясымен бірлесіп жасалды.

«KazSat-3» ҒА жасау барысында ғарыш аппаратының берілген сипаттамаларын және қажетті сенімділік деңгейін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін заманауи техникалық шешімдер қолданылды.

«KazSat-2» ҒА телерадио хабар тарату, телефония, деректерді табыстау қызметтерін көрсету, VSAT желілерін құру, мультимедиа, жылжымалы байланыс қызметтерін көрсету үшін арналған.

Оның қызмет көрсету аймағы Қазақстан Республикасының барлық аумағын, Ресейдің орталық бөлігін, Орталық Азия елдерін қамтиды.

kazsat3

Негізгі сипаттамалары

Орбита түрі

Геостационарлық орбита

Белсенді жұмыс істеу мерзімі

15 жыл

Транспондерлер саны:

28 дана

Қамту аймағы

Қазақстан Республикасы, Орта Азия аумағы (Қырғызстан, Өзбекістан, Тәжікстан, Түркменстан), сондай-ақ Ресейдің орталығы бөлігі.

Мақсаты

Телекоммуникациялық қызметтер

(DTH, байланыс, хабар тарату, мәлімет тарату, бейнеконференцбайланыс және т.б.)

Пайдалы жүктемесін әзірлеуші

Thales Alenia Spaс(Италия)

 

«KazSat» ұлттық ғарыштық байланыс жүйесі

 

KAZSAT-2

KAZSAT-3

«Ақкөл» ҒБО

«Көктерек» ҒБО