«Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ (бұдан әрі – «РҒБО» АҚ) келесі қызметтерді көрсетеді:

  1. «KazSat-2» және «KazSat-3» ғарыш аппараттарының (бұдан әрі – ҒА) транспондерлік сыйымдылықтарын жалға беру.
  2. 14-тен бастап 130 градусқа дейінгі шығыс бойлығындағы  геостационарлық доғадағы  ku-жиіліктер диапазонындағы бекітілген спутниктік байланыс арналарын мониторингтеу.

«KazSat» сериялы ҒА транспондерлік сыйымдылықтарын жалға беру бойынша қызметтерді Қазақстан Республикасының аса ірі телекоммуникациялық операторлары, сондай-ақ Ұлттық компаниялар мен мемлекеттік мекемелер пайдаланады.

Байланыс операторлары «KazSat» сериялы ҒА базасында Қазақстан Республикасының барлық аумағында телерадиохабар таратуды, спутниктік байланысты  және деректер беруді ұйымдастырады.

«KazSat» сериялы ҒА транспондерлерін жалға беру  бойынша қызметтерге тарифтер

«РҒБО» АҚ қызметтеріне тарифтер туралы  Сіз  бізбен 8 (7172) 32-22-27 телефоны арқылы хабарласу немесе Жеке және (немесе) заңды тұлғаларға ғарыш аппараттары транспондерлерін ұсыну қағидаларына Қосымшаларды (1,3,4) толтыру және оларды e-mail:Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. жіберу арқылы біле аласыздар.

Жеке және (немесе) заңды тұлғаларға ғарыш аппараттары транспондерлерін ұсыну қағидалары 

ҚОСЫМШАЛАР

1 қосымша doc    zip

2 қосымшаdoc  zip

3 қосымшаdoc  zip

4 қосымшаdoc  zip

Сонымен қатар біздің компания меншікті перспективалық  қазақстандық байланыс және хабар тарату спутниктері үшін Қазақстан Республикасы мәлімдеген орбиталық-жиіліктік иемденулерді үйлестіруге қатысады.

2013 жылы «РҒБО» АҚ Алматы облысының Іле ауданында «Көктерек» Ғарыштық Байланыс Орталығының  (бұдан әрі – ҒБО)  құрылысын аяқтады және пайдалануға берді.  Орталықтың инновациялық технологиялық шешімдері мыналарға мүкіндік береді:

  • - сервистердің қолжетімділігінің жоғары деңгейіне кепілдік беру;
  • - инфрақұрылымның үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
  • - қазіргі заманғы ресурсты көп қажет ететін жүйелердің  көтеріңкі  талаптарын қанағаттандыру.

«Көктерек» ҒБОСіздерге қызметтер кешенін ұсыну үшін барлық қажетті инфрақұрылыммен жарақтандырылған:

 «Collocation» қызметі» («Серверлік және телекоммуникациялық жабдықты орналастыру») Сіздің деректерді өңдеу орталығыңыздың (бұдан әрі – ДӨО) толық сенімділігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін серверлік және телекоммуникациялық жабдықты орналастыру мүмкіндігін ұсынады.

«Last Mile» қызметі («Соңғы миля» клиенттің орналасқан жерінен бастап ДӨО ғимаратына дейін байланыс арнасын белгіленген техникалық сипаттамалармен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

«Pre-hubbing» қызметі» («Сигналдарды байланыс спутниктеріне көтеру-түсіру») «KazSat» сериялы ҒА-ның бортына трафикті көтеру-түсіру және қызметтерді Қазақстанның кез-келген нүктесіне, сондай-ақ жақын орналасқан көршілес елдерге дейін жеткізуге мүмкіндік береді.

 

«KazSat» ұлттық ғарыштық байланыс жүйесі

 

KAZSAT-2

KAZSAT-3

«Ақкөл» ҒБО

«Көктерек» ҒБО