«Collocation» қызметі:

1) 100% резервтеуімен I-ші ерекше санаттағы үздіксіз электрмен жабдықтау.

Объектінің энергия тиімділігі жағынан мүмкіндігі зор: рұқсат етілген қуат – 1,28 МВт; 110 кВ-дан екі дербес кіру; электрмен жабдықтау санаты – І ерекше; 10 кВ-дан екі ЭБЖ фидерлерінің бар болуы; объектінің аумағында өзара резервтелетін 10-0,4 кВ екі трансорматорларының бар болуы; әр қайсысы 350 кВ екі дизель-генераторлық қондырғысы; отын қорларының көлемі  20 м2 (45 тәуілік бойы дербес жұмыс үшін) және одан басқа 12 кВА-дан екі үздіксіз қоректендіру көзі.

2) Желдету жүйесі + 100% резервтеу.

Сырттағы ауаның температурасы -35 тен  +50°С дейін жағдайда, жабдықтарды пайдалану арнайы шарттарын қолдау. Желдеткіштер (негізгі және резервтік) өздерімен, ауамен суытылатын шығарғыш конденсаторы бар компрессорлық-буландырғыш агрегаты болып табылады.

3) Автоматты газды өрт сөндіру жүйесі.

Үй-жайлардың және жабдықтардың өртке қарсы қауіпсіздігі, қазіргі заманғы  өрт сөндіру сигнализациясымен, орталықтырылған тұтануларды табатын және автоматты түрде газды өрт сөндіру жүйелерімен қамтамасыз етіледі.

4) Әкімшілендіру.

«Көктерек» ҒБО инженерлер кезекшілік ауысымы ДӨО жұмысын 24 х 7 х 365 режимінде бақылайды. Кажеті болғанда клиент мұқтажы үшін кеңселік және қоймалық үй-жайы бөлінуі мүмкіндігі бар.

5) Кіруді бақылау жүйелері.

«Көктерек» ҒБО периметрі бойынша металдан жасалған дуалмен және тінекті сым дуалымен қоршалған (дуалдардың биіктігі 2,25м). Оған қоса, объектінің периметрі бойынша «Радио-барьер» түрдегі, бейне бақылау жүйесі және дабыл сигнализация батырмаларын барлығын қосқанда, объектіге рұқсат етілмеген кіруге және объектіден БӨП-тен тыс шығуға бөгет қояды.

Инженерлік инфрақұрылымның барлық жүйелері толықтай автоматтандырылған және ақаулықтары пайда болған сәтте қашықтықтан жабдықтардың жағдайы туралы, асқан жүктеме және  бұзылулары туралы ақпарат алуына мүмкіндік береді.

 

«KazSat» ұлттық ғарыштық байланыс жүйесі

 

KAZSAT-2

KAZSAT-3

«Ақкөл» ҒБО

«Көктерек» ҒБО