НҰР-СҰЛТАН. БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ – Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен ұйымдастырылған «вебинарға» «РҒБО» АҚ-ның Корпоративтік хатшысы Нұржан Джакупов қатысты.

«Оқыту семинарында бүгінгі күннің шындығында корпоративтік басқару бойынша өзекті мәселелер талқыланды», - деді Н. Джакупов.

Бағдарламаға сәйкес, «ҚТЖ» ҰК» АҚ өкілі Мұрат Төрегелдин «вебинар» қатысушыларына корпоративтік басқару қағидаларын, корпоративтік жұмыс туралы жалпы ұғымдарды ұсынып, Директорлар кеңесі, Директорлар Кеңесі жанындағы Комитеттердің рөлі мен маңыздылығын, тәуелсіз директорлар мен ұйымдағы корпоративтік хатшылардың мәртебесін атап өтті.

«Вебинар» барысында еншілес компаниялар санының басымдылығын және Директорлар кеңесінің отырыстарын өткізу бойынша мәселелерді орталықтандыруды ескере отырып, «ҚТЖ» ҰК» АҚ корпоративтік басқару бойынша жаңадан енгізілген моделі ұсынылды, «Nasdaq BoardAdvantage» жүйесі арқылы Директорлар кеңесінің отырыстарын өткізудің қашықтықты электронды платформасын енгізу тетіктері, инвестицияларды тарту және «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның IPO-ға көшу бойынша мәселелері, сондай-ақ Корпоративтік басқару кодексінің қағидалары айтылды.

«Жалпы маған, «РҒБО» АҚ-ның өкілі ретінде, «коронавирус» пандемиясы жағдайында Директорлар кеңесі отырыстарының электрондық платформаға өту форматы, сондай-ақ корпоративтік басқару қағидаларын зерделеудің жүйелі тәсілі қызық болды», - деп атап өтті Нұржан Джакупов.

«Вебинарға» қатысушылар сұрақтар, ұсыныстар, жұмыс тәжірибелерімен алмасты. Бұл ретте корпоративтік басқаруды одан әрі жетілдіру мақсатында осындай іс-шараларды тұрақты негізде өткізіп тұру туралы шешімі қабылданды.

FaLang translation system by Faboba